Автор: Павлодар облысынның Денсаулық сақтау басқармасы
3 қалалық емхананың пациенттері қымбат тексерістерге 80-ге жуық жолдама алды
03-02-2020 17:37
3 қалалық емхананың пациенттері қымбат тексерістерге 80-ге жуық жолдама алды
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап барлық ел аумағында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасы бастау алды.
Бүгін Павлодар қаласының №3 емханасында МӘМС енгізумен не өзгергенін және науқастар енді қандай медициналық қызметтерді ала алатынын айтты.
- Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін барлық халық шартты түрде сақтандырылған деп есептеледі. Қазіргі шақтағы мәртебесін анықтау үшін, пациенттерге емхананың тіркеу орнына жүгіну қажет. Егер пациенттің мәртебесі анықталмаған жағдайда, әкімшінің сауалнамасын толтыруға болады және пациенттің деректері базаға енгізіледі, - деп мәлімдеді бас дәрігердің медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Лаура Исабекова.
Спикердің айтуынша, сақтандыруды енгізумен адамдардың қымбат медициналық тексерістерді тегін алуға мүмкіндігі пайда болды. МӘМС-дың жұмысы бастағалы 3 емханада бір айда КТ және МРТ 80-ге жуық жолдама берілді. Сондай-ақ, дәрігердің көрсеткіштері бойынша ПТР сияқты қызметтерді тегін алуға болады.
Сонымен қатар, № 3 емханада инсульттан, кардиохирургиялық және травматологиялық оталардан кейінгі науқастарға арналған оңалту орталығы ашылды. Мұнда емделушілер физиоемдеу, сондай-ақ, басқа да қалпына келтіру емшараларын тегін ала алады. Қаңтар айында орталық 14 науқас ем-дом алды.