Автор: Павлодар облысынның Денсаулық сақтау басқармасы
Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов азаматтарды жеке қабылдау күнін өткізді
13-02-2020 18:25
Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов азаматтарды жеке қабылдау күнін өткізді

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов азаматтарды жеке қабылдау күнін өткізді.

Облыс әкіміне таңертеннен бастап өзекті сұрақтар бойынша кеңес алуға және «шешімі табылмай жүрген» мәселелер бойынша кездесуге 500-ден астам адам келді.

Облыс әкімімен қатар, барлық облыстық басқарма басшылары да құзыреті шегінде азаматтарды қабылдады және кеңес берді.

Қабылдау күні денсаулық сақтау сұрақтары бойынша 40-қа жуық адам келді. Арыздардың жартысынан көбі орында шешілсе, кейбір сұрақтар басқарма басшысының м.а Гүлнәр Жармакинаның жеке бақылауына алынды.

Еске сала кетейік, ертен облыс әкімінің халық алдында есептік кездесуі өтеді.