Автор: Павлодар облысынның Денсаулық сақтау басқармасы
Құрметті Павлодар облысының азаматтары! СІЗДІҢ БІЛУІҢІЗ ҚАЖЕТ
15-04-2020 20:55
Құрметті Павлодар облысының азаматтары! СІЗДІҢ БІЛУІҢІЗ ҚАЖЕТ

Құрметті Павлодар облысының азаматтары!

Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері З.С. Дощанованың

«Павлодар облысының аумағында карантин режимін енгізу туралы»

2020 жылғы 11 сәуірден бастап облыста ерекше Өкім шығарылғанға дейін карантин енгізілді»Қаулысы негізіндехабарлаймыз.

Павлодар облысы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейту үшін

СІЗДІҢ БІЛУІҢІЗ ҚАЖЕТ:

1. Республикалық клиникалармен келісу бойынша медициналық көмек көрсету шеңберінде кідіртусіз шаралар қабылдауды талап ететін жағдайларды қоспағанда, Республикалық клиникаларға, оңалту орталықтары мен шипажайларға, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары және Павлодар облысы бойынша  ауруханаға жатқызу Бюросы порталы арқылы жоспарлы жатқызуларды (тәулік бойы және күндізгі стационарлар) профилактикалық тексерулерді, скринингтерді, оңалтужұмыстарын қоса алғанда тоқтата тұру қажет.

2.  Ауруханаға жатқызу Бюросының күту парағында тұрған науқастардың елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанша ауруханаға жатқызу күндері неғұрлым кеш мерзімге ауыстырылады;

3. Ерекше өкім шығарылғанға дейін алдын алу екпелерін жүргізуді тоқтата тұру, келесі алдын алу екпелерін қоспағанда:

1) босандыру ұйымдарындағы нәрестелерге  (БЦЖ және ВГВ);

2) инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін халық (көктемгі-жазғы кене энцефалиті, түйнеме, туляремия, оба);

3) кез келген жануардың тістеуіне немесе сілекейленуіне шалдыққан тұлғалар (құтыру);

4) тері және шырышты қабатының бұзулуына әкелген жаралану мен жарақаттану алған тұлғалар (делбе); 

5) эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша инфекция ошақтарында қарым-қатынаста болған тұлғалар; 

4. тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде рецептілердің онлайн берілуін немесе науқастың үйіне жеткізуінеріктілермен, әлеуметтік қызметкерлерді қатыстырып ұйымдастырылды;

5.Үй карантиніндегі тұлғалар үшін уақытша жұмысқа жарамсыздық парақтарын медициналық ұйымдарға келмей рәсімделеді;

6. Облыс емханалары дәрігерлерінің қабылауы мен кеңес беруі қашықтықтан қызмет көрсету форматында;

7. Павлодар қаласының пациенттеріне Облыстық стоматология (мекенжайы: Павлодар қ., майра к., 47), Екібастұз қаласында – қалалық аурухана базасында стоматология бөлімшесі, Ақсу қаласы -«СТОММаРК» стоматологиясы (мекенжайы: Әуезов к., 48, телефоны: 87183764529) тәулік бойы жедел стоматологиялық көмек көрсетеді.

8. Дене қызуы жоғары, ЖРВИ белгілері бар, пневмония, коронавирус инфекциясына күдігі бар науқастар сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін облыс емханаларының фильтр-кабинеттеріне барып қаралады, ал түнгі уақытта 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыртады.

Жедел телефон желісі – 675208, коронавирусты инфекция мәселесі бойынша Республикалық бірегей Саll-центр– 1406нөміріне хабарласу қажет.

 

Құрметті азаматтар!!!

Көптен-көп өтініш:ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗДАР, ҚАУІПСІЗДІКТЕРІҢІЗДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУЛЕРІҢІЗ ҚАЖЕТ!!!