Автор: Павлодар облысынның Денсаулық сақтау басқармасы
Сенің табыс жолың!!!
26-05-2020 16:42

«Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсына старт берілді Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін, үздік кәсіби білімі мен дағдыларды таратуды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін айқындау және оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру мақсатында жыл сайын «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсы өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметтегі өтілі бір жылдан кем емес, құжаттарды қарау кезінде алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 29 мамырдың сағат 23:59-ға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне a.kazbekova@kyzmet.gov.kz электрондық поштасына жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Толық ақпарат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтында орналыстырылған арнайы әдістемелік ұсынымдарда қамтылған. Қосымша кеңесті келесі телефондар арқылы алуға болады 8(7182)208361, 87714259866.