Коронавирусқа тегін экспресс-тестілеу!
22-05-2020 00:00
«Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында короновирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шаралады одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 Қаулысына сәйкес, Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарын, «Саби» қоры көрсетіп жатқан қайырымдылық көмек аясында, коронавирусқа қарсы денелерді анықтау бойынша тегін экспресс-тестілеу өтуге шақырады. Тестілеуді орындайтын оператор ретінде жеке зертханалардың біреуі тағайындалды.
Экспресс-тестіні өту үшін cdl.kz сайтында сауалнама толтыру қажет.  Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары эпидемилогиялық өлшемдер негізінде сауалнамаларды іріктеп алады. Содан кейін, байланыс-орталықтың операторлары пациентпен байланысып әр қайсы пациентке емшара кабинетіне келу уақытын жеке тағайындайды.  
Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында пациент белгілі ережелерді сақтау тиіс, ол:
Нәтижені алу үшін электрондық поштаны көрсету;
Қатаң түрде көрсетілген уақытта келу;
Маска киіп келу;
Емшара кабинеті келушілерінің арасында 1,5-2 метр арақашықтықты сақтау.
Экспресс-тестілеу коронавирусқа деген иммундық жүйенің әсерін бағалап, бармақтан алынған қанда IgM және IgG классты ерекше қарсы денелерді анықтайды.
IgM қарсы денелер бірінші болып қалыптасады, індет жұққаннан кейін 7-10 күн аралығында пайда болады. 
IgG қарсы денелер кейін қалыптасады, ол індетпен ауырған әрі оған қарсы қалыптасқан иммундық жауаптың белгісі болып табылады.
Экспресс-тестілеудің нәтижесі талдау тапсырғаннан кейін 15 минутта ұсынылып, сауалнама толтырған кезде көрсеткен электрондық поштаға жіберіледі.