контакт:
8(71840) 91097 91351 bayancrb14@mail.ru
адрес:
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, ул. Жалантос батыра, 1
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі
07-02-2020 17:26

Медициналық сақтандыру қоры жеке ақпараттық

жүйесін сынақтан өткізбек

Медициналық сақтандыру қоры «Saqtandyrý» атты жеке ақпараттық жүйесін әзірледі. Жүйе медициналық қызметті пайдаланушылардың мәртебесін автоматты режимде анықтайды. Жаңа жүйе Қарағанды облысында іске қосылған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) пилоттық жобасы аясында сынақтан өткізілмек.

«МӘМС жағдайында медициналық көмекке жүгінгенде алдымен медициналық қызметті тұтынушының мәртебесін анықтап алу маңызды. Емхананың немесе аурухананың медициналық ақпараттық жүйесі «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесінен тұтынушының сақтандырылғаны немесе сақтандырылмағаны жайлы мәліметтерді сұратады. Соған қарай көмек кепілдендірілген тегін медициналық қызметтердің есебінен, я болмаса, кеңейтілген сақтандыру пакеті есебінен төленеді», – дейді қордың Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Ситказинов.

Бұл ретте, пациенттер үшін қосымша қиындықтар туындамайды, олар бұрынғыдай жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі тиіс. Әрі қарай медициналық ақпараттық жүйе барлық қажетті әрекеттерді өздігінен жүзеге асырады.

«Saqtandyrý» ақпараттық жүйесі пилоттық режимде сынақтан өтіп, ақпараттық қауіпсіздік жағы тексерілгеннен кейін өндірістік пайдалануға берілетін болады. Ал оны толығымен іске қосу үшін бірқатар мемлекеттік органға қарасты 10 ақпараттық жүйемен интеграциялау қажет. Олардың ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және т.б. бар.

Павлодар облысында дәл қазіргі уақытта мемлекетпен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсететін 63 медициналық ұйым жұмыс істейді. Оның 30-ы – жекеменшік ұйымдар. Медициналық құжаттама тек сандық форматта жүргізіледі. Халықты тіркеу регистрінде бекітілген облыстың әрбір тұрғыны жеке электрондық денсаулық паспортымен қамтамасыз етілген. Құжаттар пациенттерді электрондық форматта бақылау және емдеу барысын қадағалауға мүмкіндік береді.

2020 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыс берушілер өз жұмыскерлері үшін қаржы аударып келеді. Төлем қызметкер кірісінің 1,5 % құрайды. Сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар бірыңғай жиынтық төлемін төлей алады. Олар 2020 жылдан бастап жарнасын мемлекет төлеп беретін әлеуметтік қорғалмаған азаматтармен қатар сақтандырылған адамның мәртебесін алады. Бұл ретте, МӘМС жүйесінде үш айлық өтпелі кезең қарастырылған. Соның нәтижесінде 2020 жылдың қаңтарынан бастап сәуір айына дейін барлық азаматтар сақтандырылған мәртебесін алады. Осылайша, олар медициналық көмекті толық көлемде ала алады.

Еске сала кетейік, сақтандырылған пациенттерге вирустық гепатиттерді ерте кезден анықтау үшін қосымша алдын ала тексеруден өту мүмкіндігі ұсынылады. Сондай-ақ, сақтандыру пакетінде инсульт, инфаркт, ауыр жарақат алған немесе күрделі ота жасалған емделушілерге оңалту көмегі айтарлықтай кеңейтілген.

Міндетті әлеуметтік медициалық сақтандыру туралы толық ақпаратты Қордың fms.kz сайтынан ала аласыз. Сондай-ақ 1406 нөміріне хабарласып, медициналық сақтандыруға қатысты кез келген сұраққа жауап алуға болады.  Қоңыраулар Қазақстан бойынша кез келген телефоннан тегін шалынады.  Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.

Павлодарлықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына
9,3 млрд теңге аударды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры соңғы айда түскен қаржының көлемін атады. Павлодар облысының жұмыс берушілері мен жеке кәсіпкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша 9,3 млрд. теңге төледі. Өңірге қарасты қалалар арасында Павлодар қаласы көш бастап тұр. Аудандар арасында Баянауыл, Шарбақты және Павлодар аудандары үздіктер қатарында.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Ситказиновтың айтуынша, 2017 жылғы 1 шілдеден бері барлық жұмыс берушілер өз жұмыскерлері үшін қаржы ауда­рып келеді. Жеке кәсіпкерлер де қарамағында жұмыскерлері бол­са, төлем жасайды. Жинақталған қаржы Ұлттық Банкте сақталады. Қаржы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтер пакетін қаржыландыруға бағытталады.

Қазіргі күнге дейін медициналық сақтандыру қорына 205,1 млрд теңгеден астам жарна түскен. Оның 196,2 млрд теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары, ал 8,9 млрд теңгесі жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударымдар мен төлемдерді жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығы басшылары, жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар, жалға жұмыс істеушілер, ерікті төлемшілер және мемлекет жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін төлем жасайды.

Міндетті әлеуметтік медициалық сақтандыру туралы толық ақпаратты Қордың fms.kz сайтынан ала аласыз.

 

 

Қарағандыда медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды

Қарағанды қаласында медициналық сақтандыру жүйесінің пилоттық жобасы жұмысын бастады. Бұл өңір пилоттық аймақ ретінде жайдан жай таңдалған жоқ. Цифрланған медицина, дамыған аурухана желісі және жоғары деңгейлі мамандар – бұның барлығы алдын ала кемшіліктерді анықтауға және оларды 1 қаңтарға дейін жедел түзетуге мүмкіндік береді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Нұрлан Қасымовтың айтуынша, Қарағанды қала мен ауыл тұрғындары, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен бизнес өкілдері бірқалыпты көрсетілген үлкен шаһар. Пилоттық жоба аясында нормативтік-құқықтық базаға, ақпараттық жүйелердің дайындығына, медициналық қызметтерді тұтынушылардың есебіне, сатып алу мен төлемді жетілдіруге барынша назар аударылды.

Естеріңізге сала кетейік, тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемі пакетіне медициналық қызметтердің базалық тізімі кіреді, ол                    ҚР барлық азаматтарына қолжетімді болады. Медициналық сақтандыру пакеті базалық көлемнен тыс медициналық қызметтердің кең көлемін қамтиды.  Оны сақтандырылған қазақстандықтар ғана пайдалана алады.    Айта кету керек, ел азаматтарының басым бөлігіне қос пакет те қолжетімді болмақ – 15 жеңілдік санатына кіретіндер үшін мемлекет қаржы аударады (11 млн. қазақстандық үшін).

«Ешкім медициналық көмексіз қалмайды. Сақтандырылған азаматтар төленген жарналардың көлеміне қарамай, қымбат медициналық қызметтерді ала алады. Қазір заңсыз жұмыспен қамтылғандар үшін медициналық сақтандыру туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», — деп атап өтті Нұрлан Қасымов.

Пилоттық жоба ағымдағы жылдың соңына дейін жұмыс істейді. Қарағандыда ағымдағы нәтижені тіркеп, мониторингілеу мақсатында жобалық офис құрылды. Оның қорытындысы бойынша жүйелі түрде ұсыныстар қабылданады.

Медициналық сақтандыру жүйесін тестілеуден өткізуге республикалық бюджеттен 2,3 млрд теңге бөлінді, оның 1,8 млрд теңгесі жұмыс істейтін ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларға жұмсалады.  175 мыңнан астам адам жүрек-қан тамыры жүйесі, қант диабеті, глаукома және вирустық гепатит ауруларының алдын алу үшін тексерілуден өтулері тиіс. Тағы 450 млн теңге инсульт, инфаркт, ауыр жарақат алған және күрделі ота жасатқан тұлғаларды сауықтыруға бағытталады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ел көлемінде енгізілуіне санаулы айлар қалды. Айта кетерлігі, 2020 жылдың наурыз айының соңына дейін қазақстандықтар сақтандыру жүйесіне қарамастан, екі пакет бойынша   медициналық көмек ала алады. Ал сәуірден медициналық көмек екі пакетке бөлінеді – тегіні еліміздің әр азаматы үшін және қосымша пакет – сақтандырылғандарға арналады. Осы үш ай ішінде белсенді түрде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы толық ақпаратты Қордың fms.kz сайты бойынша ала аласыз. Сондай-ақ Қазақстан бойынша 1406 номеріне медициналық сақтандыру туралы кез келген сұрақ қоюға болады, қоңырау шалу тегін. Байланыс орталығы жұмыс күндері 9:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді.

Медициналық сақтандыру пилотты тәртіпте енгізіліп отырған Қарағанды облысының тұрғындары да сауалдарымен келесі азаматтарды қабылдау кабинетіне жүгіне алады:   Қарағанды қ., Әлиханов көш., 2. Байланыс телефоны: 8 (7212) 604-483.

2020 жылдың басынан бұндай кабинеттер Қордың әр аймақтық филиалында жұмыс істейтін болады. Әзірше Қордың Павлодар облысы бойынша филиалынан           37-19-04 номері бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша жеке кеңес алуға болады.

 

Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша филиалы

 

Медициналық сақтандыру қоры Павлодар облысының медициналық ұйымдарына 26 млрд теңгеден астам қаржы төледі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылы енгізілетін әлеуметтік медициналық сақтандыруға қаржы жинап қана қоймай, ағымдағы жылға тегін кепілдендірілген медициналық  көмек көлемі аясында медициналық қызметтерді сатып алады.

2019 жылдың басынан Қор Қазақстанның медициналық ұйымдарына халыққа көрсеткен қызметі үшін 630 млрд теңге төледі. Ағымдағы жылы медициналық сақтандыру қоры кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 889 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 6 пайызға артық.

Павлодар облысында медициналық қызметтер көрсетуде келісімшарттардың жалпы сомасы 2019 жылы 41 млрд теңгені құрады. Жыл басынан медициналық ұйымдарға көрсеткен қызметтері үшін 26,1 млрд теңге төленді (63,7%). «Жұмыс уақытылы әрі кесте бойынша жалғасуда. Бөлінген қаржы медициналық мекемелердің операциялық шығындарын жабуға жеткілікті. Қор медициналық ұйымдар алдындағы барлық келісімшарт міндеттемелерін толық көлемде атқаруда», — деп атап өтті Павлодар облысы бойынша Қор филиалының директоры Айдар Ситказинов.

Биыл Павлодар облысында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында 63 медициналық ұйым медициналық қызмет көрсетеді. Оның 30 жекеменшік. 2018 жылмен салыстырғанда жеке қызмет берушілер саны 5 ұйымға артты.

Естеріңізге сала кетейік, Қордың медициналық қызметтерді сатып алу шартын жасасқан облыстың медициналық ұйымдар тізімі www.fms.kz сайтында орналастырылған
Павлодарлықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына
                          8,6 млрд теңге жинады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында соңғы айда түскен сомаларды атады. Павлодар облысының жұмыс берушілері мен жеке кәсіпкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша 8,6 млрд. теңге төледі. Өңірімізде қалалар арасында Павлодар қаласы (62,3%) көш бастап тұр. Аудандардан – Баянауыл (2,6%), Шарбақты (1,3%) және Павлодар аудандары (1,2%) үздіктер қатарында.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Ситказиновтың айтуынша, 2017 жылғы 1 шілдеден бері барлық жұмыс берушілер өз жұмыскерлері үшін қаржы ауда­рып келеді. Жеке кәсіпкерлер де қарамағында жұмыскерлері бол­са, төлейді. Жинақталған қаржы Ұлттық Банкте сақталады. Мемлекет пен уәкілетті орган — денсаулық сақтау Министрлігі тарапынан, тікелей Қормен бақыланып, 2020 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтер пакетін қаржыландыруға бағытталады.

Қорға барлығы 186,2 млрд теңге жиналды, оның 177,4 млрд теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,8 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

2020 жылға дейін жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін сақтандыру төлемдерін аударады. Төлем жұмыскер кірісінің 1,5% құрайды. Ал келесі жылдан бастап аударымдар мен төлемдерді жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығы басшылары, жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар, жалға жұмыс істеушілер, ерікті төлемшілер және мемлекет жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін төлем жасайды.

Міндетті әлеуметтік медициалық сақтандыру туралы толық ақпаратты Қордың fms.kz сайты бойынша ала аласыз.

 

Қазақстанда кепілдендірілген тегін көмек және медициналық сақтандыру пакеттерінің жаңа нұсқасы бекітілді

Қазақстан Үкіметі келер жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК және МӘМС) шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізімін бекітті.

«Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті минималды стандарттардан тұрады. Оған дәрігерлік көмекті қажет ететін шұғыл жағдайларда көмек көрсету, жедел жәрдем, санитарлық авиация, бірқатар созылмалы ауруларды динамикалық бақылау, шұғыл жағдайда стационарда емдеу осы пакет шеңберінде жүзеге асырылады. Мұны барлық азаматтар, сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамай пайдалана алады. Көмектің екінші деңгейі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті. Бағасы қымбат болып келетін операциялар, сирек медициналық қызмет түрлері, салалық мамандардың қабылдауы сынды қызметтер кіретін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетін сақтандырылғандар пайдалана алады. Сондай-ақ, МӘМС пакетіне табысы орташа азаматтардың қалтасы көтере бермейтін: МРТ, компьютерлік томография, ПЦР-анализ сынды қызметтер де енгізілді», — деді«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Ситказинов.

Пакеттердің жаңа үлгісін дайындау барысында денсаулық сақтау министрлігі бір жарым жыл бойы медицина саласы өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеді. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінің жаңа нұсқасын дайындау барысында тізімге енген барлық қызмет түрлері жан-жақты сарапталған.

Айдар Ситказиновтың айтуынша, «Еліміздің барлық азаматтары пайдалана алатын кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне жедел жәрдем мен санитарлық авиация, шұғыл стационарлық көмек, паллиативтік көмек енген. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен созылмалы аурулардың негізгі түрлерімен ауыратын тұрғындар осы пакет шеңберінде консультативтік-диагностикалық көмекпен, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмекпен қамтамасыз етіледі. Амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, туберкулезге шалдыққандарды оңалту қызметі де осы пакетке кіреді».

Ағымдағы жылдың күзінде Қазақстанның бір өңірінде пилоттық режимде азаматтарға жаңа пакеттер аясында медициналық қызмет көрсетіле бастайды. Бұл 2020 жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында халыққа  толыққанды қызмет көрсету барысында түйткілді мәселелерді шешуге септігін тигізері сөзсіз.

2020 жылдан бастап жүйе Қазақстан бойынша жұмысын бастайды.

 

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша

 

Павлодар облысының жұмыс берушілері медициналық сақтандыру қорына 400 млн теңге төлеген

Павлодар облысы төлемшілерінің мамыр айының соңына дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына енгізген сомасы 8,1 млрд теңгені құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 400 млн теңгеге артық.

Барлығы Қорға 176,7 млрд теңге түсті, оның 167,9 млрд теңгесін жұмыс берушілер, 8,8 млрд теңгені – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін санат аударған.  Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Өңірімізде қалалар арасында Павлодар (62,3%), аудандардан – Баянауыл (2,6%), Шарбақты (1,3%) және Павлодар аудандары (1,3%) үздіктер қатарында.

2020 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыс берушілер өз жұмыскерлері үшін қаржы аударып келеді. Төлем қызметкер кірісінің 1,5 % құрайды.

Жинақталған қаржы Ұлттық Банкте сақталады. Мемлекет пен уәкілетті орган — денсаулық сақтау Министрлігі тарапынан, тікелей Қормен бақыланып, 2020 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтер пакетін қаржыландыруға бағытталады.

Міндетті әлеуметтік медициалық сақтандыру туралы толық ақпаратты Қордың fms.kz сайты бойынша ала аласыз.

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

 Павлодар облысы

 бойынша филиалы

 

Темекімен күрес

Жылда әлем бойынша аталып өтетін темекіге қарсы күрес күніне 30 жылдан бері үн қосып, бұл шараны түрлі форматта өткізетін елдер саны артып келеді. Ресми статистикаға сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын ауруханаға жататын тұрғындардың 68 пайызы немесе 2 миллионға жуық адам – шұғыл жағдайда жеткізілгендер. Былайша айтқанда, әрбір оныншы адам өміріне қауіп төнбейінше емдеу мекемелерінің табалдырығынан аттамайды деген сөз. Ал, өлім-жітім жағынан алғашқы орында тұрған жүрек-қан тамыры аурулары, тыныс алу органдары аурулары мен қатерлі ісіктің қай-қайсысы да шылымқорлық салдарынан болатын дерттер.

Шын мәнінде, егер ішкі органдарды жыл сайын тексеріп отыратын болса мұның алдын алуға болар еді, дейді мамандар. Темекі шегетіндер үшін жүрек пен өкпені тұрақты бақылауда ұстаудың маңызы зор. Оның үстіне, мемлекет халыққа жәрдем ретінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетін ұсынады. Аталған пакетке жалпы практика дәрігерінің қабылдауы мен консультациясы, көздің көру қабілеті мен көз қысымын тексеру, қандағы холестерин, глюкоза деңгейін тексеру үшін қан тапсыру, электрокардиограмма, флюорография, спирография сынды қызметтер кіреді. Организмде шылымның салдарынан болып жатқан өзгерістер мен ауытқуларды осы процедуралар арқылы ертерек анықтауға болады.

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін кепілдендірілген медициналық көмекті Қазақстанда тұратын әр азамат пайдалана алады. Бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмек профилактикалық, диагностикалық және емдік қызметтерден тұрады.

 

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

 Павлодар облысы

 бойынша филиалы

Медициналық сақтандыру қоры Павлодар облысының медициналық ұйымдарына 2019 жылдан бастап 20 млрд теңгеден астам қаржы төледі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылы енгізілетін әлеуметтік медициналық сақтандыруға қаржы жинап қана қоймай, ағымдағы жылға тегін кепілдендірілген медициналық  көмек көлемі аясында медициналық қызметтерді сатып алады.

2019 жылдың басынан Қор Қазақстанның медициналық ұйымдарына халыққа көрсеткен қызметі үшін 464 млрд теңге төледі. Ағымдағы жылы медициналық сақтандыру қоры кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 868 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 6 пайызға артық.

Павлодар облысында медициналық қызметтер көрсетуде келісімшарттардың жалпы сомасы 2019 жылы 38,9 млрд теңгені құрады. Жыл басынан медициналық ұйымдарға көрсеткен қызметтері үшін 20,4 млрд теңге төленді (52,4%). «Жұмыс уақытылы әрі кесте бойынша жалғасуда. Бөлінген қаржы медициналық мекемелердің операциялық шығындарын жабуға жеткілікті. Қор медициналық ұйымдар алдындағы барлық келісімшарт міндеттемелерін толық көлемде атқаруда», — деп атап өтті Павлодар облысы бойынша Қор филиалының директоры Айдар Ситказинов.

Биыл Павлодар облысында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында  64 медициналық ұйым медициналық қызмет көрсетеді. Оның 31-і жекеменшік. 2018 жылмен салыстырғанда жеке қызмет берушілер саны 5 ұйымға артты.

Естеріңізге сала кетейік, Қордың медициналық қызметтерді сатып алу шартын жасасқан облыстың медициналық ұйымдар тізімі www.fms.kz сайтында орналастырылған. («ТКМКК қызмет берушілер» тізімі бөлімінде).

 

 

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

 Павлодар облысы

 бойынша филиалы

 

Медицинаның негізгі бағдары: сапа мен қолжетімділік

Бүгінде еліміздегі медицина саласында бір дәрігерге келетін халық жүктемесі нормативін 1700-ге дейін жеткізу маңызды. Өткен жылы Павлодар облысында бір учаскеде 2500-ден астам адам қаралса, биыл атқарылған шаралардың нәтижесінде кейбір емханалардағы учаскелерде тіркелген халық санын 2000-ға дейін азайту мүмкін болды. Бұл медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырып, аурулардың алдын алуға таптырмас мүмкіндік.

Қазіргі таңда облысымызда жалпы тәжірибелік дәрігерлердің жетіспеушілігінен,  бірден барлық учаскелердегі жүктемені қысқарту мүмкін емес. Тіркелген халық саны екі мыңнан асып жатса да, кейбір дәрігерлерге адамдар жазылғысы келіп жатады. Бұл көрсеткіш – 2020 жылдың 1 қаңтарынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізген кезде қол жеткізуіміз тиіс нормативтен жоғары.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының медициналық қызметтердің сапасын мониторингілеу бөлімінің басшысы Алмагүл Ахметжанованың айтуынша, ағымдағы жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры учаскелердегі жүктеме нормативін азайту үшін қаржы бөлді. Бүгінде облысымызда 328 жалпытәжірибелік дәрігер учаскесі жұмыс істейді, оның 39-ы биыл ашылған. Жыл соңына дейін тағы он тоғызы ашылады деп күтілуде.

Қоғамдық денсаулық сақтау және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету бөлімінің басшысы Айгүл Мұқышеваның айтуынша, мамандарды ынталандыру мақсатында биыл қызметтеріне тариф сомасын кезең-кезеңімен арттыра отырып, жалпы тәжірибе және бейінді дәрігерлерге келісімді еңбекақы төлеу енгізілді. Бұл алғашқы медициналық көмек мамандарының жалақы деңгейін 20 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Кадрлар тапшылығын азайту үшін өңірімізге медицина қызметкерлері көптеп тартылуда. Сәуір айында аймағымыздың бас дәрігерлері Қарағанды, Семей, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының медициналық академияларында бос орындар жәрмеңкесіне барып, жалпы тәжірибе дәрігерлері кадрларын тартуға басымдық берді. Нәтижесінде 92 түлекпен келісімшартқа отырған. Айта кету керек биылдан бастап, грантта оқыған барлық түлектерге міндетті үш жылдық еңбекті өтеу талабы енгізілді.

 

Медициналық сақтандыру қоры Павлодар облысының медициналық ұйымдарына 2019 жылдан бастап 17 млрд теңгеден астам қаржы төледі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылы енгізілетін әлеуметтік медициналық сақтандыруға қаржы жинап қана қоймай, ағымдағы жылға тегін кепілдендірілген медициналық  көмек көлемі аясында медициналық қызметтерді сатып алады.

2019 жылдың басынан Қор Қазақстанның медициналық ұйымдарына халыққа көрсеткен қызметі үшін 305 млрд теңге төледі. 2019 жылы медициналық қызметтер көрсетуде келісімшарттардың жалпы сомасы 860 млрд теңгені құрайды.

Павлодар облысында медициналық қызметтер көрсетуде келісімшарттардың жалпы сомасы 2019 жылы 38,1 млрд теңгені құрады. Үстіміздегі жылдың басынан медициналық ұйымдарға көрсеткен қызметтері үшін 17,2 млрд теңге төленді (45,1%). «Жұмыс уақытылы әрі кесте бойынша жалғасуда. Бөлінген қаржы медициналық мекемелердің операциялық шығындарын жабуға жеткілікті. Қор медициналық ұйымдар алдындағы барлық келісімшарт міндеттемелерін толық көлемде атқаруда», — деп атап өтті Павлодар облысы бойынша Қор филиалының директоры Айдар Ситказинов.

Биыл Павлодар облысында 64 медициналық ұйым медициналық қызмет көрсетеді. Оның 31-і жекеменшік. 2018 жылмен салыстырғанда жеке қызмет берушілер саны 5 ұйымға артты.

Естеріңізге сала кетейік, Қордың медициналық қызметтерді сатып алу шартын жасасқан облыстың медициналық ұйымдар тізімі www.fms.kz сайтында орналастырылған. («ТКМКК қызмет берушілер» тізімі бөлімінде).

 

Павлодарлықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына                                    7,7 млрд теңге жинады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ағымдағы жылдың сәуір айына дейінгі аралықта жиналған соманы атады. Қазақстан бойынша жалпы сома 167,2 млрд теңгені құрайды.

Павлодар облысының төлемшілері 7,7 млрд теңге енгізді. Өңірімізде қалалар арасында Павлодар (62,3%), аудандардан – Баянауыл (2,6%), Шарбақты (1,3%) және Павлодар аудандары (1,3%) үздіктер қатарында.

2020 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыс берушілер өз жұмыскерлері үшін қаржы аударып келеді. Төлем қызметкер кірісінің 1,5 % құрайды.

Сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар бірыңғай жиынтық төлемін төлей алады. Оған төрт салық түрі – жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарнасы, әлеуметтік сақтандыру жарнасы және әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына төленетін жарна кіреді. Бірыңғай жиынтық төлем қарамағына жұмыскер алмай, табыс табу мақсатында жеке тұлғаларға қызмет көрсететін азаматтар арналған.

Бірыңғай жиынтық төлем ай сайын төленіп, республикалық және облыстық деңгейдегі қала тұрғындары үшін 1 АЕК (2525 теңге), өзге елдімекендердің тұрғындары үшін (аудан орталықтары, ауылдар, кенттер)    0,5 АЕК (1263 теңге).

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударымдар мен төлемдерді жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығы басшылары, жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар, жалға жұмыс істеушілер, ерікті төлемшілер және мемлекет жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін төлем жасайды.

Осы күнге дейін к