контакт:
8(71840) 91097 91351 bayancrb14@mail.ru
адрес:
Павлодарская область, с.Баянаул, ул. Жалантос батыра 1.
#ЖақыныңаЖанашырБолыңыз
29-07-2020 17:20
#ЖақыныңаЖанашырБолыңыз

Күркелі ауылдық округі әкімдігінің еліміздегі қиын жағдайды жеңуге үлес қосуға шақырған бастамаларын Күркелі ауылдық округіне қарасты Жарылғап ауылы тұрғындары игі іспен жалғастырып отыр. Бүгінгі күні емделіп жатқан адамдардың сырқаттары айығып, тез жазылсын деген мақсатпен табиғи ұлттық өнімдерінен 50 литр қымыз, 5 кг сары май, 5 литр қаймақ, 5 кг қоспа, 5 кг ірімшік және макарон өнімдері, т.б. бойға нәр беретіндігін ескеріп, ауыл тұрғындары осындай қолдан жасалған өнімдерін жолдады. Бұл табиғи өнімдерді Күркелі ауылдық округінің әкімі Т.Сағынтаев және ауыл медбикесі Ж.Аманжолова тұрғындар атынан Баянауыл ауданының орталық ауруханасына жеткізіп табыстады. Қолдау білдіріп, елдігін көрсетіп отырған Жарылғап ауылы тұрғындарына алғыс білдіреміз.