контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15
Коронавирусқа тегін экспресс-тестілеу!
21-05-2020 11:13
Коронавирусқа тегін экспресс-тестілеу!

«Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында короновирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шаралады одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 Қаулысына сәйкес,Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарын, «Саби» қоры көрсетіп жатқан қайырымдылық көмек аясында, коронавирусқа қарсы денелерді анықтау бойынша тегін экспресс-тестілеу өтуге шақырады. Тестілеуді орындайтын оператор ретінде жеке зертханалардың біреуі тағайындалды.

Экспресс-тестіні өту үшін cdl.kzсайтында сауалнама толтыру қажет.  Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары эпидемилогиялық өлшемдер негізінде сауалнамаларды іріктеп алады. Содан кейін, байланыс-орталықтың операторлары пациентпен байланысып әр қайсы пациентке емшара кабинетіне келу уақытын жеке тағайындайды. 

Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында пациент белгілі ережелерді сақтау тиіс, ол:

1)                Нәтижені алу үшін электрондық поштаны көрсету;

2)                Қатаң түрде көрсетілген уақытта келу;

3)                Маска киіп келу;

4)                Емшара кабинеті келушілерінің арасында 1,5-2 метр арақашықтықты сақтау.

Экспресс-тестілеу коронавирусқа деген иммундық жүйенің әсерін бағалап, бармақтан алынған қанда IgM және IgG классты ерекше қарсы денелерді анықтайды.

·                   IgM қарсы денелер бірінші болып қалыптасады, індет жұққаннан кейін 7-10 күн аралығында пайда болады.

·                   IgG қарсы денелер кейін қалыптасады, ол індетпен ауырған әрі оған қарсы қалыптасқан иммундық жауаптың белгісі болып табылады.

Экспресс-тестілеудің нәтижесі талдау тапсырғаннан кейін 15 минутта ұсынылып, сауалнама толтырған кезде көрсеткен электрондық поштаға жіберіледі.