контакт:
тел/факс 8 (7182) 65-70-05, ересектер емханасы 8 (7182) 65-70-22, балалар емханасы 8(7182) 65-70-18, диспетчерлік қызмет телефондары: 70-43-43
адресс:
Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)
14-02-2020 10:26
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)

№4 қалалық емхананың қызметкерлері тұрғындар арасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы белсенді ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

13 ақпанда № 37 мектептеүйлестірушідәрігер С. Ж. Сыздықова сөз сөйледі, онда емханаға тіркелу тәртібі және МӘМС жүйесінде мәртебесін анықтау туралы, міндетті төлемдер және жарналардытөлеуден босатылған азаматтардыңсанаттары және т.б. туралы айтты.Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ынтымақтастық және жалпыға бірдей қамту қағидаты пайдаланылады.

Әрбір сақтанушы төленген жарна мөлшеріне қарамастан медициналық көмек алуға құқылы. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі - бұл денсаулық сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі.

МӘМС Қазақстанның барлық азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұратын жеріне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қол жеткізуге кепілдік береді.