контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar
Азық-түліктердің қауіпсіздігін арттырудың бес қағидасы
30-06-2020 12:14
     Азық-түліктердің қауіпсіздігін арттырудың бес қағидасы

           Азық-түліктердің қауіпсіздігін арттырудың бес қағидасы:

1. Тазалықты сақтаңыз

- Азық-түлікті ұстаудың, сондай-ақ оны дайындаудың алдында қолыңызды жуыңыз

- Дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды жуыңыз

- Тамақ дайындау кезінде қолданылатын кез келген жерді және ас үй жабдықтарын мұқият жуыңыз

- Азық-түлік сақтайтын және дайындайтын жерлерде жәндіктер, кеміргіш пен басқа жануарлардың болуына жол бермеңіз

2. Жылумен өңделген азық-түліктен шикі азық-түлікті бөлек ұстаңыз

- Шикі етті, құс етін және теңіз өнімдерін басқа азық-түліктерден бөлек ұстаңыз

- Шикі азық-түлікке бөлек ас үй құралдарын (пышақ пен тақтайды) қолданыңыз

- Шикі мен дайын азық-түліктің араласпауына жол бермеу үшін жабық ыдыста сақтаңыз

3. Азық-түліктерді жылумен өңдеңіз

- Азық-түлікті, әсіресе, ет, құс еті, жұмыртқа мен теңіз өнімдерін әбден жылумен өңдеңіз

-Ыстық тағамды жақсылап қуырып, қайнатуға тырысыңыз. Дайын ет немесе құс етінің сөлінің түсі қызғыл емес, ақшыл болуы керектігін есіңізде сақтаңыз

- Дайын тағамды кемінде 5 минут әбден жылытыңыз

4. Азық-түлікті қауіпсіз температурада сақтаңыз

- Дайын тағамды бөлме температурасында екі сағаттан артық қалдырмаңыз

- Дайын және тез бұзылатын азық-түліктерді кешіктірмей (5°C төмен температурада) салқындатыңыз

- Дайын тағамды ыдысқа салғанша ыстық (60 °C жоғары) күйінде сақтаңыз

- Тағамды тіпті тоңазытқышта да ұзақ сақтамаңыз

- Азық-түлікті бөлме температурасында ерітпеңіз

5. Қауіпсіз су мен қауіпсіз шикі азық-түлікті тұтыныңыз

- Таза суды немесе оны тазартып қолданыңыз

- Балғын және пайдалы азық-түлікті таңдаңыз

- Қауіпсіздігін арттыру мақсатында өңделген азық-түлікті, мысалы пастерленген сүтті  таңдаңыз

- Жеміс пен көкөністі, әсіресе шикідей тұтыну алдында жуыңыз

- Пайдалану мерзімі аяқталған азық-түлікті қолданбаңыз

          Жіті ішек инфекциясының алдын алу жөніндегі шаралар, соның ішінде қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету, жетілдірілген санитарияны қолдану және қолды сабынмен жуу аурудың қаупін төмендетуге ықпал етеді.