Облыс медициналық ұйымдарына жас мамандарды тарту туралы

Жас мамандардың жұмысқа келуін  тарту мәселесіне аса көп көңіл бөлінеді. Медициналық ұйымдардың басшылары облыс қалалары және аудандары әкімдерінің орынбасарларымен бірлесіп, жыл сайынғы медициналық ЖОО-ның «Бос орын жәрмеңкесі» шығады, ол жерде жоғары курс студенттерімен кездесу жүргізеді және үшжақты шарт жасасады.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша Павлодар облысына 113 медициналық ЖОО-ның түлегі келді, олар Павлодар облысының денсаулық сақтау ұйымдарына жұмысқа тұрғызылды, оның ішінде ауылдарға – 26.

2016 жылы Павлодар облысының медициналық ұйымдарына 172 орта медициналық қызметкер, Павлодар қаласына 126 орта медициналық қызметкер келді.

Облыстың медициналық ұйымдарымен 22 резидентпен шарт жасалды, олар резидентураны 2017-2018 жылдары аяқтағаннан соң, Павлодар қаласы денсаулық сақтау ұйымдарына жұмысқа тұрғызылды.

Сонымен қатар, 2017 жылы интернатураны аяқтағаннан соң, 24 интерндермен шарт жасалды, олар Павлодар қаласының медициналық ұйымдарына жұмысқа тұрғызылатын болады.

Үшжақты шарт жасау негізінде облыстың медициналық ұйымдары 7 резиденттің резидентурадағы оқуын төлеуде, аталған шартқа сай резидентураны аяқтаған түлек 3 жыл осы ұйымда жұмыс істеу керек.

Қазақстанның медициналық ЖОО-да интернатура және резидентура түлектерін жұмысқа тұрғызу бойынша комиссия жұмыс істейді, комиссия құрамына облыс медициналық ұйымдарының басшылары кіреді. Облыстың медициналық ұйымдарының шарттарына сәйкес, денсаулық сақтау ұйымдарына жұмыс істеп, резиденттер оқиды, осы сияқты облыстың медициналық ұйымдарында 23 резидент қызмет етеді.