контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar
Коронавирус аурушаңдығының алдын алу
16-03-2020 11:45
Коронавирус аурушаңдығының алдын алу

Бекітілген жалпы білім беретін мекемелерде оқушылар үшін COVID-19 коронавирус аурушаңдығының алдын алу мәселелері бойынша оқу сабақтары өтті.

Дәрістерді емхана қызметкерлері өткізді. Медицина қызметкерлері жаңа коронавирусты жұқтыру қаупінің факторлары, оның берілу жолдары, аурудың негізгі белгілері мен алдын алу туралы, сондай-ақ жеке гигиена ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы ақпарат береді.

1- ЕРЕЖЕ. ҚОЛДЫ САБЫНМЕН ЖИІ ЖУЫҢЫЗ

2- ЕРЕЖЕ. ЖӨТЕЛ ҚАШЫҚТЫҒЫ МЕН ӘДЕБІН САҚТАҢЫЗ

3- ЕРЕЖЕ. САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНЫҢЫЗ

4-ЕРЕЖЕ. ТЫНЫС АЛУ МҮШЕЛЕРІН МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКА АРҚЫЛЫ ҚОРҒАҢЫЗ

5-ЕРЕЖЕ. ТҰМАУМЕН, КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯМЕН АУЫРҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК ?

Үйде қалып, дереу дәрігерге хабарласыңыз.

Дәрігердің нұсқауларын орындаңыз, төсек режимін сақтаңыз және мүмкіндігінше көп сұйықтықты ішіңіз.

Тұмаудың/КОРОНАВИРУСТЫҚ инфекцияның белгілері қандай? Дене температурасының жоғарылауы, қалтырау, бас ауруы, әлсіздік, мұрынның бітелуі , жөтел, тыныс алудың қиындауы, бұлшық еттердің ауыруы, конъюнктивит. Кейбір жағдайларда асқазан-ішек бұзылыстарының белгілері болуы мүмкін: жүрек айнуы, құсу, диарея.