контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar
«Ерекшеліктері мен эпидемиялық үрдістерді ескере отырып, тұмау және жіті респираторлық вирусты инфекциялардың алдын алу»
19-03-2020 08:41
«Ерекшеліктері мен эпидемиялық үрдістерді ескере отырып, тұмау және жіті респираторлық вирусты инфекциялардың алдын алу»

2020 жылғы 17 наурызда салауатты өмір салты дәрігері С. Ж. Сыздықова Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлеріне «Ерекшеліктері мен эпидемиялық үрдістерді ескере отырып, тұмау және жіті респираторлық вирусты инфекциялардың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шара тұмау және ЖРВИ бойынша алдын алу шаралары туралы қызметкерлердің білімдерін арттыру мақсатында өткізілді. Дәріс барысында СӨС дәрігері қызметкерлерге ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу және диагностикалау әдістері туралы әңгімеледі.

БІЛУ МАҢЫЗДЫ.

Тұмау мен ЖРВЖ аурушаңдығы көтерілгенде ұсынылады:

- адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу;

- адамдар көп жиналатын жерлерде және олармен жақын байланыста болған кезде мұрын мен ауызды қорғайтын медициналық маска киіп, оны уақытында ауыстыру;

- «респираторлық этикет» ережесін білу және орындау (мұрынды, ауызды және көзді қолдарымен ұстамау, ал науқастарға медициналық маскасыз қоғамдық орындарға бармау, бір реттік немесе шынтақ бүгілісі болмаған жағдайда қол орамалға жөтелу және түшкіру);

- қоғамдық орындарға барғаннан кейін, үйге оралғаннан кейін, санитарлық бөлмелерге барғаннан кейін және тамақ ішер алдында қолды сабынмен мұқият жуу;

- қолды гигиеналық өңдеу үшін терінің антисептиктерін (спирт негізінде) қолдану керек;

- үйде үнемі ылғалды тазалау жүргізу, үй-жайды жиі желдету;

күн сайын таза ауада серуендеу;

- еңбек/демалыс режимін сақтау;

- салауатты өмір салты қағидаларын сақтау: физикалық белсенді болыңыз, таза ауада жүріңіз .

Толыққанды тамақтаныңыз: күн сайын рационда жаңа піскен көкөністер, жемістер, ет, балық сүт өнімдері болуы керек. Алкоголь ішуден аулақ болыңыз. Темекі шегуден бас тартыңыз. Иммунитетті күшейтіңіз. Салқын тиюден және өтпе желден сақтаныңыз.