контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar
Медбикелер күні
13-05-2020 11:15
Медбикелер күні

12 мамыр күні Павлодар қаласының №4 емханасында #мейірбикелер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Медбикелер ұжымы Халықаралық медбикелер күнін мерекелеуге байланысты денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б. Досмаиловтың атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Бас дәрігер Арман Төлеусағиұлы Отарбеков құттықтау сөз сөйледі. Ол өз әріптестеріне деген үндеуінде адал еңбегі үшін, мейірімділігі мен назары үшін, сондай-ақ өз пациенттеріне көмекке келуге дайын екендігі үшін шынайы ризашылығын білдірді.
Медбикелер емхананың бас медбикесі Г. А. Мусинадан көптеген жылы сөздерді естіді. Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлердің марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шара дәстүрлі мерекелік концертпен аяқталды.
Құрметті медбикелер, Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Жұмыста сәттілік, батыл идеялар, жоғары кәсіби жетістіктердің дана шешімдерін тілейміз.
Бақытты болыңыздар!