контакт: Приемная руководителя: тел:8(7187)278518 эл.адрес:kense-gb@mail.ru
адрес: г. Экибастуз, ул. Торайгырова, 32, родильный дом ул. М. Маметовой 52
Рухани жаңғырту
17-11-2017 09:00
 Рухани жаңғырту

Рухани жаңғыру арнайы жоба «Туған жер» Серік Сатыбайұлы Темірханов
Серік Сатыбайұлы – «Екібастұз қалалық ауруханасы» клинико-диагностикалық бөлімшесінің эндоскопист – дәрігері
«2007 жылы «Зерде» мамандандырылған мектебін бітіріп, сол жылы Семей қ. медициналық академиясына «жалпы медицина» факультетіне оқуға түстім, оқу орнын ойдағыдай тамамдап, 2014 жылы өзімнің туған жерім Екібастұз қаласына жұмыс істеуге келдім, осында келген себебім, өңірімдегі медицинаның дамуына, халықтың денсаулығын жақсартуға өз үлесімді қосқым келді. Қазіргі уақытта «Екібастұз қалалық ауруханасы» клинико-диагностикалық бөлімшеде эндоскопист дәрігер болып жұмыс жасаймын. Өңеш және асқазан ауруларын, тоқ ішек патологиясын ерте анықтау мемлекеттік скрининг бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жұмыс жасаймын.Жұмысқа орналасқан жылы жас отбасы ретінде қызметтік пәтер берілді. Екібастұз қаласының әкімдігі бізге, яғни қалаға келген жас мамандарға алаңсыз жұмыс жасауға жағдай жасап отыр.