Павлодар облыстық балалар ауруханасында шеберлік сағаты өтті

Дата: 2012-08-20 12:24:01
Павлодар облыстық балалар ауруханасында шеберлік сағаты өтті

 

 
 
 
Шеберлік сағаттының басты мақсаты – Павлодар облысының балаларына жоғары арнайы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ тәжірибелік оқыту, облыстық балалар ауруханасының хирург дәрігерлерінің біліктілігін арттыру.
Екі күндік шеберлік сабағында Н.М. Арын аса ауыр хирургиялық дерті бар балаларға 10 ота жасайды. Мәселен, кеше туа біткен өкпе патологиясы бар нәрестеге, сүйек-бұлшық ет аппараты патологиясы – көкірек қуысының деформациясы бар балаларға 2 ота жасалса, бір балаға бүйрек патологиясын түзету бойынша хирургияның араласуы қажет болды.
Жергілікті хирург дәрігерлердің пікірінше, мұндай шеберлік сағаттары дәрігерлердің білімдері мен дағдыларын, шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік береді.
Автор: Басқарма