Павлодар қаласында жедел жәрдем шақыру ережесі.

Дата: 2012-09-05 08:27:15

 

 Халық ЖМЖ-ны Қазақстан Республикасының аумағында 103 бірыңғай телефон нөмірі бойынша шақыра алады.  

            ЖМЖ-ны қажетті емдеу-диагностикалау құрал-жабдықтарымен, дәрі-дәрмектермен жабдықталған және білікті медицина қызметкерлерінен жасақталған ЖМЖ көшпелі бригадасы көрсетеді.        

          Жедел медициналық жәрдем ұйымы (станция, бөлімше) (бұдан әрі – ЖМЖБ) азаматтардың өтініштерін (шақыртуларын) тәулік бойы орталықтандырылған қабылдауды қамтамасыз етеді.

      Келіп түскен шақыртулар сипаты, бейіні бойынша өңделеді және ЖМЖ көшпелі бригадасына беріледі.

       ЖМЖ көшпелі бригадасы шақырту келіп түскеннен кейін 5 минут ішінде ЖМЖБ-дан шығады.

 ЖМЖБ көшпелі бригадаларды:

1) науқастарға;

жазатайым оқиғалар кезінде, жарақаттанғанда және уланғанда;

науқастың және айналасындағылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін аурулар, оның ішінде психикалық аурулар кезінде;

жүктілік кезіндегі асқынулар және босану кезінде ЖМЖ көрсетуге және тасымалдауға;

2) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) мамандарының шақыртуы бойынша шұғыл медициналық көмекті қажет ететін науқастарды ауруханаға жатқызу үшін тасымалдауға;

 ЖМЖБ пациенттерге стационарды алмастыратын көмек көрсету ережесіне сәйкес үйдегі стационар жағдайында стационарды алмастыратын көмек (үйдегі стационар) көрсетіледі.

 Шұғыл қызмет көрсетуді талап етпейтін жағдайларда ЖМЖБ-ның ауысымдағы аға дәрігері пациентке медициналық көмек алу үшін баруға болатын медициналық ұйымның координатын (мекенжай, телефон) беруге міндетті.

ЖМЖБ келесі жағдайларда шақыртуларды қабылдамайды және бармайды:

1) шұғыл медициналық көмекті талап етпейтін жағдайда;

2) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымның жұмыс уақытында шұғыл медициналық көмекті талап ететін жағдайларда;

3) медициналық ұйымдар тағайындаған емшараларды орындау үшін;

4) шұғыл ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін жоспарлы науқастарды, жүкті әйелдерді тасымалдау үшін;

5) сот-наркологиялық, сот-медициналық, сот-психиатриялық сараптамалар жүргізу үшін;

6) медициналық ұйымдарда консультациялық көмек көрсету үшін;

7) науқастарды стационардан үйге жеткізу үшін;

8) өлім актісін жасауға және куәгер болу үшін.

 Жедел медициналық жәрдемді шақырушы адамдар:

1) пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, жасы және жынысы туралы;

2) аурудың немесе жазатайым оқиғаның мән жайы туралы;

3) мекенжайды және телефон номерін, кіреберіс есігінің кодын, сондай-ақ пациенттің болған жердегі келу жолын бағдарлау үшін қажетті ақпараттарды береді.

-  Өміріне қауіп төндіретін аурумен ауырған пациентті денсаулық сақтау ұйымына апарғанда оны ЖМЖБ санитариялық автокөлігімен туыстарының (бір кісіден көп емес) ертіп баруына рұқсат етіледі.

-  ЖМЖБ науқастарды ауруханаға жатқызу туралы және зардап шеккендер туралы ақпаратты тәулік бойы береді.

 Жедел медициналық жәрдем ұйымы:

1) сот-медициналық қорытындысын;

2) психоактивті заттарды қолдану және мас болу жағдайлары фактісін белгілеу үшін медициналық куәландыру қорытындысын;

3) осы Ережемен белгіленген  жағдайларды қоспағанда пациенттерге немесе олардың туыстарына өзге жазбаша анықтамалар, қорытындылар бермейді.

Автор: Басқарма