Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасықызметін жеткізушілерді іріктеуді өткізу туралы хабарлайды

Дата: 2012-12-27 06:18:54

Медициналық көмек түрлері бойынша :

  1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек.
  2. Мамандырылған медициналық көмек.
  3. Әлеуметтік –медициналық көмек.
  4. Медициналық-әлеуметтік көмек.

Медициналық көмек түрлері бойынша:

  1. Амбулаторлы-емханалық көмек:

           - қалалық және ауылдық халыққа бастапқымедициналық-санитарлық көмек көрсету;

           - бастапқы медициналық-санитарлық көмекке мамандардың және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультативті-диагностикалық көмек.

  1. Стационарлық көмек:
    • психикалық бұзушылықпен және мінез-құлығы бұзылған тұлғаларға (ұзақ уақытқа келу);
    • туберкулезбен ауыратын тұлғалар;
    • психоактивті заттарды қолдануға байланысты мінез-құлқы бұзылған тұлғалар (уақытша бейіндеу орталығы).
  2. Қалпына келу емі және медициналық оңалту.
  3. Ересек және бала тұрғындарға жарақат пунктерінің қызмет көрсетуі.
  4. Стоматология:

-халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына шұғылстоматологиялық көмек;

          -18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық (ортодонтикалық жәнеортопедиялық көмектен басқа)  көмек.

         6. Донорлық консервленген қанды дайындау және компоненттерге оларды қайта өңдеу.

7. Жергілікті жерлерде салауатты өмір сатын қалыптастыру бойынша іс-шаралар.

8. Жедел медициналық жәрдем.

 9. Санитарлыавиация.

10. Патологоанатомиялықзерттеу және ашу.

11. Паллиативтікөмек.

Павлодар облысының емдеу-алдын алу ұйымдарында қызметтер көрсетілуі қажет.

Жеткізушіні  іріктеуді өткізу туралы өтінім Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы  Павлодар қ., Иса Байзақов көшесі, 151/2, № 301 кабинетіне жіберледі, шараларға қатысуға өтінімдерді тіркеу және қабылдауға жауапты - экономика және бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау бөлімінің бас маманы А.А. Құрманбаева.

Өтінімді ұсынудың аяқталу мерзімі 2012 жылғы 29 желтоқсан сағат 12.00 дейін.

Шараға қатысуға өтінімдер Павлодар қ., Иса Байзақов көшесі, 151/2, № 301 кабинет мекенжайы бойынша 2013 жылғы 03 қаңтар 11.00 сағатта қаралатын болады.

Шараға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмекке кепілдік берілген көлемін көрсету және оған жұмсалған шығындар бойынша қызметті жеткізушіні іріктеу Ережесінде көрсетілген медициналық қызметтерді әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптарға жауап беретін барлық әлеуетті жеткізушілерге рұқсат етіледі.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы келесі телефон арқылы білуге болады: 8 7182 (код) 65-38-76, 67-51-13. 

Автор: Басқарма