Павлодар кардиохирургиялық орталығында бірінші рет операция жасалды.

Дата: 2013-01-11 02:54:23
Павлодар кардиохирургиялық орталығында бірінші рет операция жасалды.

Қараша айында миокардтың ірі ошақты инфаркт алған, 1949 жылы туған, ер адамға жасанды қан айналым жағдайында аутовенозды аортокоронарлы шунтирлеу жасалды.

 Науқас реанимация бөлімінде жатты, гемодинамикасы тұрақты.

  Өңірлік кардиохирургиялық орталық "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы бойынша салынды, Павлодарда өткен жылы желтоқсан айында ашылды. Бұнда 2,4 мыңнан аса операция және жылына рентгеновакулярлы араласу жүргізілетін болады, мамандар Рессей, Беларуси және Израилде оқыды және тағылымдамадан өтті. Облыста алғаш рет балалардың жүрегіне операциялар жасалатын болады.

 Кадиоорталық заманауи жабдықтармен жабдықталды, мамандардың қолында  магнитно-резонансты және компьютерлы томографтар, рентгенді ангиографиялық аппарат, кешенді зерттеу зертханалары бар. Ашық жүрекке операциялар үш операциялық залда жүргізілетін болады, тағы екеуі тамырды диагностикалау және эндоваскулярлы операцияларға арналған. 

  Орталық аусымына 50 келушіні қабылдауға арналған консультатитвті-емханалық бөлімше ашылды.

  

Автор: Басқарма