«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

Дата: 2013-01-23 08:11:57

140003, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2-үй, 3-қабат,  ұйымдастыру–құқықтық және кадрлар жұмысы бөлімі кабинеті, анықтама телефоны: 65-38-82,Павлодар облысының әкімдігі «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

         Облыс денсаулық сақтау басқармасының бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4, 7-01-3 коды.

Лауазымдық айлықақысы  еңбек өтіліне байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.

Білімі:Жоғары кәсіптік (экономикалық, мемлекеттік басқару). Орта кәсіптік (экономикалық) білім рұқсат етіледі.  

Практикалық тәжірибесі.Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Дербек компьютерде жұмыс істей білу.

Функционалдық міндеттері:

Бастапқы құжаттарды өңдеуді жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын мемлекетттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын тұлғалардың еңбек ақысын есептеуін, зейнет ақы қорына аударуды басқарма аппаратына әлеуметтік есептеуді жүзеге асыру. Салықтық, статистикалық есептерді құрастыру және тапсыру. Мүлікті есептен шығару бойынша облыстың медициналық мекемелерден құжаттарды қабылдау және қарастыруды жүзеге асыру. Облыстың медициналық ұйымдарының есебін тапсырудың қадағалануын жүзеге асыру. Түгендеуді өткізу және басқарма аппараты бойынша «Активтерді түгендеу» есебін тапсыруды жүзеге асыру. Басқарманың балансындағы одан әрі қолдануға жарамсыз негізгі қаражаттарды есептен шығарудың актілерін құру. Іссапарлық шығындар құжаттарын қабылдау және ақы төлеу үшін тізімге сәйкес құжаттарды ұсыну. Қаржы басқармасының экономика және бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау басқармасының тапсырмаларын мен сұранымдарын орындауды жүзеге асыру. Құзірет шегінде жеке және  заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Бөлім жұмысын жетілдіру. Мүдделеріне шиеленісуге жол бермеу бойынша шара қолдану. Ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтау. Номенклатура папкаларын жүргізу.

D-О-4 санатына конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) (Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 01 сәуірдегі № 1180 Жарлығымен  енгізілген өзгерістер), осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар облыс денсаулық сақтау басқармасының конкурстық комисиясына келесі құжаттарды ұсыну керек:

  1. уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша өтініш,
  2. уәкілетті орган белгіленген нысанда толтырылған анкета,
  3.  кадр есебі бойынша толтырылған іс парағы (нақты мекен-жайы мен байланыс телефоны көрсетумен);
  4.  білімі туралы құжаттардың нотариалдық немесе өзге де заңдарға белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері;
  5. еңбек кітапшасының нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмесі;
  6. белгіленген нысанда денсаулығы туралы анықтама;
  7. 3х4 үлгідегі 1 фотосурет,
  8.  Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

         Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурстық комиссиямен оларды қараудан бас тарутына негіздеме болып табылады.

Көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар республикалық БАҚ-да конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кезден бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

          Тестілеуге қатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде «Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасы» ММ-де өтеді.

Тестілеу бағдарламасына келесі тесттер кіреді:

Мемлекеттік тілді, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерiнiң ар-намыс кодексiн білуге арналған тесттер.

«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ конкурстық комиссиясы тестілеу өткізгеннен кейін бес жұмыс күн ішінде үміткерлермен әңгімелесу өткізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 140003, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2-үй, 3-қабат, ұйымдастыру–құқықтық және кадрлар жұмысы бөлімі кабинеті мекенжайы бойынша орналасқанПавлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының конкурстық комиссиясына ұсынылуы тиіс. Анықтама телефоны: 65-38-82. 

Автор: Басқарма