Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасымен 2012 жылғы 01 шілдеден бастап 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығында медициналық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия және қосымша алуға лицензиаттардан 48, соның ішінде қайта ресімдеуге 21 өтініш қабылданды.

Дата: 2013-02-12 11:09:53

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасымен 2012 жылғы 01 шілдеден бастап 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығында медициналық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия және қосымша алуға лицензиаттардан 48, соның ішінде қайта ресімдеуге 21 өтініш қабылданды. Медициналық қызметке оған қосымшамен 21 лицензия қайта ресімделді. Қайта ресімдеуден бас тарту болған жоқ.

48 өтініш медициналық қызметке лицензиялар және қосымшалар алуға берілді, қосымшалармен 42 лицензия және бұрын берілген лицензияларға               6  қосымша берілді.

Қайта ресімдеуге фармацевтикалық қызметке 3 өтініш қарауға қабылданды. Бас тарту болған жоқ.

Сонымен қатар, фармацевтикалық қызметпен айналысу үшін лицензия және оған қосымша алуға 18 өтініш қабылданды,  екі жағдайда бас тарту орын алды. Бас тарту себебі 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптар мен лицензиялау Ережесін бекіту туралы» № 2301 қаулының 9-тармағында, 12-тармағының 2-тармақшасында қойылған біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.

Лицензия алғаннан кейінгі бақылауды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық бақылау және медициналық қызметтің сапасын бақылау аумақтық департаментімен жүзеге асырылады.    

Автор: Басқарма