Медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тендері

Дата: 2015-02-06 10:35:04

«Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ алдын алу (зарарсыздандыру) препараттарын, облыстың медициналық ұйымдарына республикалық және облыстық бюджет қаражаттарынан 2015 жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша тендердің өткізілуі туралы хабарлайды (толық ақпарат тендер құжаттамасында көрсетіледі).

Тендерге тендер құжаттамасында көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін әлеуетті жеткізушілер жіберіледі. Тендер құжаттамасының пакетін 2015 жылғы 23 ақпанға дейін, сағат 17.00. дейін Павлодар қаласы, И.Байзақов к-сі, 151/2 4 қабат, 410 кабинет, лицензиялау және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінде немесе koshkinbaeva.dz@pavlodar.gov.kz  мекенжайы бойынша алуға болады.  Тендер өтінімдерін ұсынудың соңғы мерзімі 2015 жылғы 24 ақпан сағат 15.00. дейін. Тендер өтінімдері бар конверттер 2015 жылғы 24 ақпан күні сағат 17.00. И.Байзақов к-сі, 151/2  селектор залында ашылады. Әлеуетті жеткізушілер тендер өтінімдері бар конверттерді ашу рәсіміне қатыса алады. Қосымша ақпаратты: 8 (7182) 674912телефоны арқылы алуға болады.

Автор: Басқарма