Цитологиялық скриннинг өткізу үшін шығын материалдарды сатып алу тендері

Дата: 2015-02-06 10:45:15

«Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ 2015 жылға  арналған тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша республикалық бюджет қаражатынан сұйықтық цитология әдісімен жатыр мойыны обырын ерте анықтау үшін цитологиялық скриннинг өткізу үшін шығын материалдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша тендердің өткізілуі туралы хабарлайды (толық ақпарат тендер құжаттамасында көрсетіледі).

Тендерге тендер құжаттамасында көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.  Тендер құжаттамасының пакетін 2015 жылғы 19 ақпанға дейін, сағат 15.00-ге дейін Павлодар қаласы, И.Байзақов к-сі, 151/2 4-інші қабат, 410-ыншы кабинет, лицензиялау және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінде немесе musalina.dz@pavlodar.gov.kz  мекенжайы бойынша алуға болады.  Тендер өтінімдерін ұсынудың соңғы мерзімі 2015 жылғы 20 ақпан сағат 13.00-ге дейін. Тендер өтінімдері бар конверттер 2015 жылғы 20 ақпан күні сағат 15.00-де И.Байзақов к-сі, 151/2 селектор залында ашылады. Әлеуетті өнім берушілер тендер өтінімдері бар конверттерді ашу рәсіміне қатыса алады. Қосымша ақпаратты 8 (7182) 674912 телефоны арқылы алуға болады.

Автор: Басқарма