Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күнін (1 желтоқсан) және оған орайластырылған айлықты 2016 жылғы 10 қарашадан бастап 10 желтоқсан бойынша өткізу

Дата: 2016-12-09 07:30:48
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күнін (1 желтоқсан) және оған орайластырылған айлықты 2016 жылғы 10 қарашадан бастап 10 желтоқсан бойынша өткізу IMG-20161118-WA0003

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күнін (1 желтоқсан) және оған орайластырылған айлықты 2016 жылғы 10 қарашадан бастап 10 желтоқсан бойынша өткізу

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын және ҚР ДСӘДМ-нің 2016 жылғы 25 сәуірдегі «2016 жылға арналған Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен аурулардың алдын алу жөніндегі 2016 жылға арналған Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» № 325 Бұйрығын іске асыру мақсатында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен республика өңірлерінде 2016 жылғы 10 қарашадан бастап 10 желтоқсан бойынша 2016 жылғы 1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне орайластырылған АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша айлығы өткізілді.

Халықтың АИТВ-нің алдын алу жөнінде хабардар болуын арттыру және «Мен АИТВ-нің алдын алу үшін» ұранымен Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күресу Кампаниясына арналған айлықты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Облыстық балалар ауруханасында келесі іс-шаралар өткізілді:

  • 2016 жылғы 10 қарашадан бастап ОБА-ның бөлімшелерінде жеткіншектер арасында «АИТВ/ЖҚТБ-нің алдын алу» тақырыбындағы әңгімелер өткізілді. 10 әңгіме өткізілді. Жалпы 126 адам қамтылды;

  • 2016 жылғы 17 қарашада жасөспірімдер мен күту бойынша жатқан ата-аналардың АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері бойынша сауалнама жүргізу ұйымдастырылды, бұл халықтың АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелерінде хабардар болуын арттыруына мүмкіндік туғызды;

  • 2016 жылғы 22 қарашада №133 (18973) «Звезда Прииртышья» облыстық газетінде «Что такое ВИЧ (вирус иммунодефицита человека)?» тақырыбындағы мақала жарияланған болатын;

  • 2016 жылғы 22 қарашада ОБА-да медициналық қызметкерлерге арналған «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбындағы жалпыауруханалық семинар өткізілді. Жалпы 72 медициналық қызметкер қамтылды ;

  • 138 дана көлемінде ЖИТС-пен күресу бойынша қосымша материалдар, әдістемелік ұсыныстар таратылды. Стендттерде санбюллетеньдер ілінді;

  • Бөлімшелерде денсаулық бұрыштары рәсімделді;

  • ОБА-ның консультативтік емханасында және бөлімшелерінде АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша бейнероликтердің трансляциясы жүргізіледі.

IMG-20161118-WA0012 IMG-20161118-WA0005