Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Дәрігердің мастер-классқа қатысуы

Дата: 2016-12-28 02:40:10

Дәрігердің мастер-классқа қатысуы

2016 жылғы 28 қарашадан бастап 2016 жылғы 02 желтоқсан бойынша Алматы қаласындағы ПжБХҒО негізінде Мәскеу қаласының РДОГЦ сүйек кемігін транспланттау бөлімшесінің меңгерушісі Дмитрий Николаевич Балашовтың және Академик И.П. Павлов атындағы Санкт-Петербург Мемлекеттік медициналық университеті жанындағы Р.М. Горбачева атындағы Балалар онкологиясы, гематологиясы және трансфузиологиясы институтының бағаналық жасушалардың криоконсервациясы бөлімшесінің меңгерушісі Елена Витальевна Бабенконың қатысуымен «Балалардағы онкологиялық/гематологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері. Гемопоэтикалық бағаналық жасушалардың гаплоұқсас трансплантациясы» тақырыбына мастер-класс өтті.

Мастер-класстың қатысушысы ОБА-ның балалар онколог дәрігері С.М. Мұратова болды.

Мастер-класс 2 кезеңде өтті, таңертең дәрістер өткізілді, түстен кейін тәжірибелік сабақтар. ПжБХҒО-да алғаш рет гаплоұқсас трансплантацияны 2 пациентке жүргізді. Пациенттердің ата-аналарынан перифериялық қан алынып, кейін делеция әдісімен асқынулардың және ТҚҚР-дың алдын алу үшін Т- жасушалары жойылды. Сонымен қатар пациенттерге консультациялар өткізілді.

Дәрістерде ГБЖТ-ге көрсетімдер, гемопоэтикалық жасушаларды алу әдістері, асқыну түрлері, ГБЖТ-дан кейін пациенттерді диспансерлік бақылау тақырыптары талқыланды.