контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

"Әйел денсаулығы аптасы" атты акция

Дата: 2013-08-07 10:07:44

         Әйел денсаулығы соншалықты нәзік, тіпті болар-болмас жәйттар оны бұзуы мүмкін. Біздің әйел денсаулығы күрт өзгерген кезде күштеріміз кетіп, еңселеріміз түседі. Осы сәтте біз жеке өмірден де, барлық өмірдің қызығынан да бас тартамыз.

         Әйел денсаулығы ұрпақ денсаулығына, яғни біздің келешегімізге себепші. Демек, әйелдің маңызды қызметі, оған табиғаттан берілген - аналық сезімі. Әйел денсаулығы ұзақ сақталуы үшін оны туғаннан бастап қамқорлыққа алу қажет. Қыздар да, жас келіншектер де өз денсаулықтарын күтуі тиіс. 40 жастан кейінгі шақтағы әйелдер қауымы өз денсаулығына  көңіл бөлуі тиіс.

         2013 жылғы  5-9 тамыз аралығында Павлодар облысы әкімінің бастамасы бойынша «Әйел денсаулығы аптасы» атты акциясы өткізіледі.

     Акция мақсаты әйелдер денсаулығының индексін арттыру және әйел тұрғындарының  өз  денсаулығына деген  ортақ жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.

         Акция шеңберінде 18 және одан жоғары жастағы барлық әйелдер қауымы терапевт, гинеколог, эндокринолог, онколог, фтизиатр, венеролог, психиатр және басқа бейінді мамандардың кеңестерін ала алады. Зертханалық тексерістерді, флюорографиялық, маммографиялық, ЭКГ, УДЗ зерттеулер мен басқа тексеріс түрлерінен өтуге мүмкіндіктері бар.                     Акция өтетін күндері  қала емханаларында Эколайф медициналық орталығының қызметкерлері балалары жоқ жұптарға кеңес беруі жоспарлануда. Денсаулық мектептерінде ауруларды алдын алу және салауатты өмір салтын жүргізу бойынша сабақтар өткізіледі. 

        «Әйел денсаулығы аптасы» акциясы шеңберінде 58-75 жас аралығындағы әйелдер үшін  «Ең белсенді ұзақ өмір сүруші» және 12 аптаға дейінгі жүктілік мерзімдегі әйелдер арасында «Ең сүйікті және тартымды болашақ ана» атты конкурстардың өткізілуі жоспарлануда.  

         Бойжеткендер мен әйелдер қауымын  өздерінің бекітілген медициналық ұйымдарында «Әйел денсаулығы аптасы» атты акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.

Өз денсаулығыңызға қамқорлық жасаңыз. Тек деніңіз сау болған жағдайда ғана, Сіз өмірдің барлық қызықтарын, өзіңіздің жеңісітеріңіз бен жетістіктеріңізді және махаббат пен аналық сезіміңізді бағалай аласыз.

Әйел денсаулығын ізгі ниетпен тілек білдіруші,

ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-ның ұжымы.