Мемлекеттік қызмет

Әкімшілік рәсімдер туралы

МАЗМҰНЫ Осы Заң басқару қызметiн ұйымдастыруды жетiлдiруге, мемлекеттiк органдардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге, басқарушылық шешiмдердi жедел қабылдауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, мемлекеттік мүдделердi қорғауға, мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық өкілеттікті қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануына жол бермеуге, сондай-ақ мемлекеттік қзметтер көсету жөніндегі қызметке жәрдемдесетiн әкiмшiлiк рәсiмдердi белгiлеуге бағытталған.

2013-02-15 11:42:33

Жүктеу

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызмет стандарты; 2) «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет стандарты; 3) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2013-02-15 11:41:17

Жүктеу

Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Бiлiктiлiк санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты; 2) «Бiлiктiлiк санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

2013-02-15 11:38:22

Жүктеу

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) адамның мекендеу ортасы (бұдан әрі - мекендеу ортасы) - адамның тыныс-тіршілігі жағдайын айқындайтын табиғи, антропогендік және әлеуметтік факторлардың, ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы; 2) АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы; 3) анонимдік тексеріп-қарау - адамды жеке басын сәйкестендірмей ерікті түрде медициналық тексеріп-қарау; 4) апаттар медицинасы - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған медицина және денсаулық сақтау саласы, ол халықтың ауруларының алдын алуды және оларды емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне медициналық көмекті қамтиды; 5) әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар - белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануы кезінде адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін, қолданылуы мен пайдаланылуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар;

2013-02-15 11:36:52

Жүктеу

бiрiншiсi 1 4 5 6 кел. соңғысы соңғысы