2015 жылдың 1 жартыжылдығында ішкі бақылау қызметімен өткізілген, бақылау іс-шараларының қорытындысы туралы ақпарат

Дата: 2015-09-10 09:40:25

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ішкі бақылау қызметімен 2015 жылғы бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес  денсаулық сақтау басқармасына бағынысты 5 медициналық ұйымдарда бақылау іс-шаралары өткізілді.

         Республикалық және жергілікті бюджет қаражаттының бақылаумен жалпы қамтылған көлемі 2647941,3 мың теңгені құрады.

         Қаражатты бақылаумен жалпы қамтылғандар сомасынан – 21598,0 мың теңге Қазақстан Республикасы бюджеттік және өзге де заңнаманың бұзылуымен пайдаланылған.

         Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан, бюджетке қайтарылуы тиісті – 18905,0 мың теңге.

         Бақылау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін 5 ұсыныс жіберілді, 4 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды.