Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар облыстық тәуелді аурулардың алдын алу және емдеу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынында Байқау Кеңес мүшелерін таңдау туралы конкурс жариялайды.

Дата: 2013-02-25 12:00:08

Конкурс, құжаттарды  қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін,  10 жұмыс күні ішінде мына мекенжайында жүргізіледі: Павлодар қ., Иса Байзақов к-сі,151/2, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы, 3 қабат, мәжіліс залы.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар облыстық тәуелді аурулардың алдын алу және емдеу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны мына мекенжайында орналасқан: 140000     Павлодар қаласы, Ростовская көшесі, 50 тел.  50-63-03.

Кәсіпорын    толық көлемінде мынадай қызмет көрсетеді:

  • бастапқы медициналық-әлеуметтік көмек: алдынғы дәрігерлік, жедел медициналық көмек;
  • ересек тұрғындарға мына мамандықтар бойынша консультативтік-диагностикалық және стационарлык медициналық көмек: наркология, жалпы терапия, невропатология, акушерия мен гинекология, психотерапия, медициналық психология;
  • балаларға арналған мына мамандық бойынша  консультативтік-диагностикалық көмек: наркология;
  • зертханалық диагностика: жалпы клиникалық зерттеулер, биохимиялық зерттеулер, иммунологиялық зерттеулер;
  • диагностика: функциональдық;
  • медициналық реабилитология, физиотерапия, массаж;
  • сараптама: сот-наркологиялық.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

  • жоғары білімі,
  • білім және денсаулық саласында жұмыс  өтілі кемінде 10  жыл;
  • білім және денсаулықсаласындабасқару тәжірибесі (заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары) кемінде 5 жыл;
  • білім және денсаулық саласында қоғамдық бірлестігінің мүшесі болып табылатын;

Байқау кеңес мүшесі ретінде мына тұлға сайлауға жатпайды:

  • Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен өтпеген немесе жойылмаған сотталуы бар тұлға;
  • шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын банкроты болып танылғаны туралы шешімді қабылдауна дейін, заңды тулғаның      1 жыл кем емес басшысы болып табылатын тұлға;
  • бұрын   жемқорлық құқықбұзушылығын жасаған;
  • байқау кеңес  басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыс пен  қасиет байланыста болатын тұлға.

Қонкурсқа қатысуға  тілек білдірген тұлғалар үшін қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат  құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі  және бұқаралық ақпарат  құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткенінде аяқталады.

         Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлға  конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде  Комиссияға мына құжаттарды ұсынады:

         1) конкурста қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілінде түйіндеме;

3) ерікті нысанда толтырылған өмірбаяны;

4) кандидаттың жеке бас куәлігін растайтын құжат көшірмесі

5) жоғары білімі туралы құжат көшірмесі;

6) еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек келісім-шарттың көшірмесі немесе ақырғы жұмыс орнынан еңбек келісім-шартты қабылдау немесе тоқтату туралы бұйрықтардан үзінділері;

7) Қазақстан Республикасы Бас Прокуратураның құқықтық статистика және арнаулы есеп жөніндегі Комитетінің аумақтық бөлімшелерімен берілген сотталу және жемқорлық құқық бұзуларын растайтын құжаттар.

Конкурс қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибісіне, кәсіптік деңгейіне (біліктілікті арттыру, ғылыми дәреже мен атақтарға ие болуы, ғылыми мақалалар, бұрынғы жұмыс орны басшылығы кепілдемесі) қатысты қосымша ақпарат ұсына алады.

Кандидат конкурстық өтінім түпнұсқасын, «Түпнұсқа»деп белгілеп, конвертке салады. Осы конвертте тегі, аты-жөні және мекенжайы болуы қажет.

Ішкі және сыртқы конверттер:

  1. Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының мекенжайына ұсынуыт тиіс: 140003 Павлодар қ. Иса Байзақов к-сі,151/2, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы, 3 қабат,  «Ұймдастыру-құқықтық және кадрылық жұмыс бөлімі кабинеті», анықтама телефондары: 8 (7182) 63-38-82, 50-63-03.
  2. «Байқау Кеңес мүшелері конкурсы – мемлекеттік кәсіпорының байқау кеңес мүшелері» және «Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсты жүргізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткенінедейін ашылмасын сөзі болуы тиіс».

Конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде бір дана бойынша жіберіледі.

Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдермен конверттерді ашу күнінен 5 жұмыс күні ішнде кандидатпен ұсынылған құжаттарды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген   талаптарына сәйкестік бағасын қарайды.

         Конкурстық комиссия өткізілген бағаның қорытындысы бойынша,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген   талаптарына сәйкесетін кндидаттар талдауын өткізеді, оларға күні,  уақыты мен өткізу орны көрсетуімен әңгімелесуге шақыру қағазы жіберіледі.

            Конкурс қатысушыларымен әңгімелесуді өткізу кезінде,    комиссиямен мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымы қызметінің ерекшелігін білуі  тексеріледі.