контакт: 8(71834)91369 uspenka-crb@yandex.ru
адрес: Павлодар облысы, успен ауданы, Успен а., Абай көшесі, 99
Денсаулық сақтау министрлігі: Орман өрттерінен ауаны қатты түтін басқан кездегі ұсынымдар
14-06-2023 11:37
Денсаулық сақтау министрлігі: Орман өрттерінен ауаны қатты түтін басқан кездегі ұсынымдар

Атмосфералық ауаны орман өрттерінен пайда болған қатты түтін басқан кезде адамдардың жанғыш өнімдерден улануының, жүрек-қан тамырлары, өкпе және басқа да созылмалы аурулардың өршуінің, аурулардың жіті ұстамаларының алдын алу мақсатында зиянды химиялық заттардың ағзаға түсуін шектейтін профилактикалық іс- шараларға ерекше назар аудару керек.

Орман өртінің түтінінен кім барынша үлкен қауіпке ұшырайды?

Өкпенің обструктивті созылмалы ауруы, демікпе немесе жүрек ауруы сияқты арулары бар адамдардың орман өртінің түтініне ұшырау қаупі жоғары;

Егде жастағы адамдар түтіннің әсеріне көбірек ұшырайды. Бұл олардың жүрек және өкпе ауруларының жоғары қаупімен байланысты болуы мүмкін;

Жиі жағдайда түтіннің балалар денсаулығына қауіпі жоғары. Балалардың тыныс алу жолдары әлі де даму сатысында және олар ересектерге қарағанда дене салмағына қарай көбірек ауа жұтады. Сонымен қатар, балалар жиі ашық ауада көбірек уақыт өткізеді;

Сыртта жұмыс істейтін немесе спортпен өте белсенді шұғылданатын адамдардың да денсаулығына барынша жоғары жағымсыз әсер ету қаупі бар.

Орман өрттерінен туындаған түтіннен зардап шегетін өңірлердің тұрғындарына арналған ұсынымдар:

Түтінді далада серуендеуден аулақ болыңыз, өйткені бұл жүрек- қан тамырлары мен тыныс алу жүйесінің жедел және созылмалы ауруларының дамуына түрткі болады.

Жүкті әйелдер мен балаларға түтінді көшеге мүлдем шықпау ұсынылады.

Денсаулығына байланысты проблемалары бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен алып жүруі тиіс; егер сыртта түтін болса, дене шынықтырумен айналысу үшін сыртқа шықпағаны дұрыс. Терезелері жабық үй-жайларда болыңыз;

Үй-жайлардағы ауаны мүмкіндігінше таза ұстаңыз. Терезелер мен есіктерді жабық ұстаңыз. Кондиционерді қосыңыз, сыртқы түтіннің кіруіне жол бермеу үшін сүзгіні таза ұстаңыз;

Терезелерге, желдеткіштерге ылғалданған шүберек іліп қойыңыз және оны мезгіл-мезгіл ауыстырыңыз. Ауаны ылғалдандыру үшін үй-жайларға суы бар ыдыстарды қойыңыз.

Машинада кондиционерді қолданыңыз және терезелерді жабық ұстаңыз.

Есіңізде болсын, көлік құралдары ешқашан гараж сияқты жабық кеңістікте жұмыс істемеуі керек.