контакт: 8(71834)91369 uspenka-crb@yandex.ru
адрес: Павлодар облысы, успен ауданы, Успен а., Абай көшесі, 99
Жарақаттануды алдын алу
14-06-2023 12:24
Жарақаттануды алдын алу

Жаз - балалардың жыл мезгіліндегі ең сүйікті уақыты. Балалар жазда көбірек ойнап, қозғалады яғни жазда балалардың жарақаты артады. Қазіргі уақытта балалар жарақаты - бұл балалардың денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, ата-аналарға да қиындық туғызатын маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі.

Балалардың жарақаттануын болдырмау мақсатында мектеп жасына дейінгі балалары бар ата-аналар мыналарды білулері керек:

- балаларды қараусыз қалдырмау;

- терезелерді, балкон есіктерін ашық қалдырмау;

- барлық электр розеткаларын арнайы бітеуіштермен жабу;

-кішкентай балаларды ашық от көздеріне-газ плиталарына жібермеу;

- балаға қолжетімді орындарда ыстық суы бар ыдыс-аяқ қоймау;

- қол жетпейтін жерлерге өткір заттарды, дәрі-дәрмектерді, тұрмыстық химия құралдарын жинау;

-кішкентай балаларға ойнау үшін моншақтар, түймелер, тиындар және мозаика сияқты ұсақ заттарды бермеу керек.

Ересек балаларға ата-аналар құрылыс алаңдарында, жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскелерде, қараусыз қалған ғимараттарда және т.б. ойындардың қаншалықты қауіпті екенін үнемі түсіндіріп отыруы керек. Пайдаланылатын велосипедтер түзу болуы тиіс және бала жасына сәйкес болуы керек, ата-аналарға велосипед жабдықтарына (дулыға, тізеқап және т.б.) үнемдеудің керегі жоқ.

Сондай – ақ, баланың көліктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін –оларға қауіпсіздік белдігін тағу, балаларды арнайы орындыққа отырғызу қажет. Жолды тек белгіленген жерлерде және бағдаршамның жасыл белгісінде кесіп өту керек екенін, балаларға суда жүріс-тұрыс ережелерін үйрету, ешқашан суда немесе судың жанында жалғыз қалмау, бейтаныс тоғандарға сүңгуге болмайтынын түсіндіру қажет.

Балалық шақтағы жарақат және оның алдын алу - өте маңызды және көңіл қоюды талап ететін мәселе. Ата-аналар үшін мүмкін болатын трагедияны ескертіп, баланы өз кеңестерімен қорғағандары дұрыс болар еді.