контакт: 8(71834)91369 uspenka-crb@yandex.ru
адрес: Павлодар облысы, успен ауданы, Успен а., Абай көшесі, 99
Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігінің "Успен аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс
01-02-2024 17:22

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы, 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының Шаруашылық жургізу құқығындағы «Успен аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қадағалау кеңесі мүшелерін іріктеу бойынша байқау жариялайды.

Орналасқан жері: ШЖҚ «Успен аудандық ауруханасы» КМК, Қазақстан Республикасы, 141000, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, Абай көшесі, 99, телефоны 8(718-34)91369, 91219.

Кәсіпорын қызметтінің мәні: кәсіпорын қызметінің мәні: толық көлемде консультациялық, алғашқы-санитарлық, диагностикалық және емдік көмек көрсету (амбулаториялық, стационарды алмастыратын), мына мамандықтар бойынша балалар мен ересектерге консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсету: - стоматология, клиникалық Зертханалық диагностика, дәрігерге дейінгі көмек, Жалпы терапия, Жалпы хирургия, педиатрия, оториноларингология, эндокринология, офтальмология, невропатология, онкология, наркология, психиатрия, Акушерлік және гинекология, дерматовенерология, кардиология, трансфузиология, сараптама: кәсіби жарамдылықты сараптау және уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау, сондай-ақ есірткі заттарының айналымына байланысты қызмет бойынша жұмыс істеу.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі."
        Бақылау кеңесі мүшесі ретінде мына тұлғалар бола алмайды:
        1) Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіп бойынша өтелмеген немесе кешірілмеген сотталғандығы бар тұлға; 2) Шаруашылық жүргізу құқығындағы белгілі мемлекеттік кәсіпорынның белгілі заңды тұлғаны борышкер деп есептеу туралы шешім қабылданғанына дейін бір жылдан астам заңды тұлғаның басшысы болып табылатын тұлға; 3) Бұрын сыбайлас құқық бұзушылықты жасаған; 4) Бақылау кеңесі мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және жекжаттық қатынаста болған тұлға.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:конкурсқа қатысу туралы өтініш, мемлекеттік жіне орыс тілдеріндегі түйіндеме, ерікті түрде баян етілген өмірбаян құжаттың нотариялдық расталған көшірмесі, үміткердің жеке бас куәлігі, жоғары білімі туралы құжаттың нотариалдық расталған кешірмесі, еңбек кітапшасының (егер болса) немесе соңғы жұмыс орнында алған еңбек келісімшартының нотариалдық расталған кешірмесі, құқықтық статистика бойынша Комитеттің аймақтық бөлімдеррімен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есебімен сотталмағандығын және сыбайлас жемқорлық құқық бұзулышық жасалмағандығын дәлелдейтін құжаттар.

Қатысушы адам өзінің біліміне еңбек етіліне, кәсіби дайындығына (біліктілікті арттыру, ғылыми дәреже мен атақтар берілгендігі, ғылыми жарияланымдар сондай-ақ, алдыңғы жұмыс орны басшылығынан ұсыныстар және т.б. туралы құжаттар) қатысты қосымша ақпарат ұсына алады.

Құжаттар келесі мекенжай бойынша қабылданады: ШЖҚ «Успен аудандық ауруханасы» КМК, Қазақстан Республикасы, 141000, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, Абай көшесі, 99, телефоны 8(718-34)91369, 91219, 3 қабат, кадр бөлімінде, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс жүргізілетін туралы хабарландыру жариялаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде.

Конкурс облыстық денсаулық басқармасында келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Павлодар облысы, павлодар қаласы, Астана көшесі, 3 қабат, мәжіліс залы, құжаттарды қабылдау аяқталған күнен бастап он күнтізбелік күн ішінде.