Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
ЕМДЕЛУШІНІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ

Пациентті қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы бөлім

1. Осы Ереже ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК-дағы Пациентті қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметінің іс-шараларын ұйымдастырудың тәртібін белгілейді.

2. Пациентті қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі – ұйым деңгейінде медициналық қызмет көрсету сапасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК-ныңқұрылымдық бөлімшесі.

2. Қызметтің мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты:

- Пациенттің уақытылы, сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қажетті көлемде алу құқықтарын қамтамасыз ету.

- Пациенттердің шағымдарын «қазір және осында» қағидаты бойынша жедел шешуін қамтамасыз ету

Міндеті:Медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі аурухананың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру.

 

3. Қызметтің функциялары

Қызметтің функцияларына мыналар жатады:

1. Жеке үдерістер мен рәсімдерді бағалау, денсаулық сақтау стандарттарын енгізу, осы Ережеге 1-қосымшадабелгіленген ішкі индикаторларды қолдану бойынша бөлімшелер қызметінің тиімділігін талдау

2. Ауруханаішілік комиссиялар қызметін талдау

3. Бас дәрігерге тиісті басқару шешімдерін қабылдау үшін талдау нәтижесінде анықталған мәселелер туралы ақпарат беру

4. Ұйымның персоналына медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту және әдістемелік көмек;

5. Ұйымдағы пациенттерге сапаны жақсарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы аурухана қызметкерлерінің пікірін зерделеу және персоналды хабардар ету.

          6.  Пациентердің проблемаларының (шағымдарының) туындауына қарай сол жерде күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде сауалнама жүргізу арқылы пациенттердің медициналық көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін зерделей отырып шешу

         7. Кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарды пайдаланудың ахуалын және тиімділігін бағалау

          8. Пациенттерге медициналық көмек көрсету технологияларының белгіленген стандарттарға (клиникалық аудит) сәйкестігін бағалау және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу

9. Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 77) тармақшасына сәйкес бекітілетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету қағидаларын сақтау

          10. Жұмыстағы ақаулардың алдын алу мен оларды жоюға бағытталған және медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу.

4. Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметінің жұмысын ұйымдастыру

1. Ауруханада Қызметті бас дәрігердің сапа жөніндегі орынбасары басқарады.

2. Қызметтің құрылымы мен құрамын аурухананың бас дәрігері бекітеді.

3. Қызмет аурухананың бас дәрігері бекітетін, медициналық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету және үздіксіз арттыру жөніндегі бағдарламаны әзірлейді.

Бағдарлама мыналарды қамтиды:
         1) бағдарламаның мақсаты мен міндеттері;

2) ішкі индикаторларды бағалай отырып, құрылымдық бөлімшелердің қызметін, сондай-ақ, бөлімшелер қызметінің белгіленген денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігін талдау нәтижелері;

3) әрбір бөлімше қызметінің көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар;

4) жоғарыда көрсетілген іс-шараларға жауапты тұлғаларды және орындалу мерзімдерін айқындау;

5) бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер.

5. Ішкі сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу

1.                Қызмет ішкі сараптаманы жүргізеді, қажет болған жағдайда қоғамдық бірлестіктердің, кәсіби қауымдастықтардың өкілдері тартылады.

2. Ішкі сараптама медициналық көмектің сапасын бағалау жолымен ретроспективтік және пациенттердің тікелей медициналық көмек алу сәтінде жүргізіледі.

3. Ішкі сараптамаға жататын жағдайлар және ішкі сараптамалар өткізудің кезеңділігі осы Ереженің 2-қосымшада белгіленген.

4. 2-қосымшада санамаланғандардан басқа медициналық көрсетілетін қызметтердің барлық қалған жағдайлары кездейсоқ іріктеудің статистикалық әдісімен қамтамасыз етілетін ішкі сараптамаға тартыла алатындай бірдей мүмкіндікке ие болады.

5. Ішкі сараптама жүргізу барысында:

1) медициналық қызметтерді көрсету технологияларының денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігі бағаланады

2) кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарды пайдаланудың қамтамасыз етілуі және тиімділігі бағаланады

3) медициналық қызметтер сапасына негізделген шағымдардың саны бойынша көрсетілетін медициналық қызметтердің деңгейі мен сапасына азаматтардың қанағаттанушылық дәрежесі пациенттерге және олардың туыстарына сауалнама жүргізу жолымен айқындалады

4) пациенттің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығының сақталуы және пациенттердің жүргізіліп отырған инвазивтік араласу туралы хабардар болуы бағаланады

5) анықталған кемшіліктерді жою және алдын алу бойынша ұсынымдар әзірленеді

6. Ішкі сараптаманың нәтижелері кейіннен басқару шешімдерін қабылдаумен ауруханаішілік комиссиялардың отырыстарына, дәрігерлік конференцияларға шығарылады және талқыланады.

7. Сараптама кезеңдері:

1) белгілі бір жұмыс кезеңіндегі ауруханақызметінің көрсеткіштерін өткен жұмыс кезеңінің көрсеткішімен, сондай-ақ халық денсаулығы жағдайының республикалық және облыстық көрсеткіштерімен салыстырмалы талдау мақсатында есепке алу және есептілік құжаттарын талдау

2) жүргізілген емдеу-диагностикалық іс-шаралардың егжей-тегжейлі ретроспективалық және (немесе) ағымдағы талдауын зерделеу арқылы олардың денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігі мәніне клиникалық аудит жүргізу

3) азаматтардың медициналық көрсетілетін қызметтің деңгейі мен сапасына қанағаттанушылығы деңгейін пациенттерге және олардың туыстарына сауалнама жүргізу жолымен және ауруханақызметіне азаматтардың негізделген өтініштерінің саны бойынша айқындау

4) сараптама нәтижелерін талдау және қорыту

5) сараптама нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға және алдын алуға бағытталған шараларды қабылдау

8. Медициналық қызметтер сапасының сараптамасы:

1) сараптама жүргізу сәтінде медициналық қызметтерді алатын пациенттердің медициналық құжаттамалары зерделенетін ағымдағы талдау;

2) сараптама жүргізу сәтінде медициналық қызметтерді алған пациенттердің медициналық құжаттамалары зерделенетін ретроспективалық талдау жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

9. Медициналық құжаттарға талдау жүргізу кезінде мыналар бағаланады:

1) анамнез жинау сапасы

2) диагностикалық зерттеулер жүргізудің толықтығы мен негізділігі

3) емдеуге жатқызу кезеңінде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін есепке ала отырып, бастапқы 3 күн ішінде қойылған клиникалық диагноздың дұрыстығы, уақтылығы мен негізділігі

4) емдеуде болу, бұл нысанда медициналық қызметтерді алу негізділігі

5) мамандар консультацияларының уақтылығы мен сапасы

6) емдік іс-шараларының көлемі, сапасы мен өткізу негізділігі

7) медициналық араласулардан кейінгі асқынулардың дамуы

8) қол жеткізілген нәтиже

9) медициналық құжаттарды жүргізу сапасы

10. Анамнезді жинау сапасы төрт өлшем бойынша бағаланады:

1) анамнез жинауының болмауы;

2) негізгі құрамдастар бойынша (аллергологиялық бөлім, гемотрансфузиялық бөлім, бастан өткерген аурулар, дәрі-дәрмек бөлімі, ауыр тұқым қуалаушылық) ішінара немесе толық кемшіліктері бар жүйелі жинаудың болмауы;

3) толық жинаған кезде осы жағдайды түсіндіруде маңызды мәнге ие болатын айтарлықтай бөліктерге бөлудің болмауы;

4) асқынулардың туындауына әкелген тактикалық қателер себептері болып табылған анамнезді сапасыз жинау.

11. Диагностикалық зерттеулердің сәйкестігін бағалау кезінде мынадай бес өлшем ескеріледі:

1) диагностикалық іс-шаралар мен тексерулер жүргізілген жоқ;

2) диагностикалық іс-шаралардың түсіндірмесі дұрыс емес немесе жоқ, бұл диагнозды дұрыс қоймауға және емдеу тәсілін іріктемеуге әкеледі;

3) аурулардың диагностикасы мен емдеу хаттамаларында көзделген диагностикалық зерттеулер жүргізілген жоқ;

4) пациенттің денсаулық жағдайы үшін диагностикалық рәсімдер жиынтығы мен жоғары, дәлелденбеген қатермен қосымша диагностикасы бар;

5) емдеу мерзімдерін негізсіз ұзартуға, емдеу құнының қымбаттауына әкелген және дұрыс диагноз қою үшін ақпарат бермеген диагностикалық емшаралар мен қосымша зерттеулердің барынша көп жиынтығы бар.

Жабдықтардың болмауы, дәрігер біліктілігінің жеткіліксіздігі, науқастың аса ауыр жағдайы мен шұғыл көрсетілімдеріне байланысты реанимациялық іс-шараларға немесе жедел көмекке диагностикалық зерттеулер жүргізудің қиындығы сияқты аурулардың диагностикасы мен емдеу хаттамаларының талаптарына сәйкес қажетті диагностикалық емшаралар мен іс-шараларды жүргізбеудің объективті себептері медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын сараптау нәтижесінде көрсетіледі. Медициналық қызметтерді көрсетудің одан арғы кезеңдерін зерттеп-қарау жөніндегі стандартты орындамаудың медициналық көмекті жүзеге асырудың кезеңдеріне әсерін бағалау жүргізіледі.

12. Клиникалық диагноз қоюдың дұрыстығы мен нақтылығын бағалау төрт өлшем бойынша жүргізіледі:

1) диагноз дұрыс қойылмаған немесе жоқ, оның ішінде диагноз толық емес, аурулардың халықаралық жіктемесіне немесе жалпыға бірдей жіктемелерге сәйкес келмейді;

2) ауру ағымының ауырлығын анықтайтын жетекші патологиялық синдром анықталмаған, қосалқы аурулар, сондай-ақ асқынулар анықталмаған;

3) диагноз дұрыс, бірақ толық емес, асқынулар анықталғанмен жетекші патологиялық синдром анықталмаған, бірақ нәтиже үшін маңызды қосалқы аурулар анықталмаған;

4) негізгі аурудың диагнозы дұрыс, алайда емдеу нәтижесі үшін маңызды қосалқы аурулар.

Дұрыс емес және (немесе) уақтылы емес диагностиканың негізгі аурудың атипиялық ағымы, біліне қоймайтын ауыр қосалқы аурудың, сирек кездесетін асқынулар мен қосалқы аурулардың болуы сияқты объективті себептері медициналық қызметтер көрсету сапасы сараптамасының нәтижелерінде көрсетіледі. Диагнозды дұрыс және (немесе) уақтылы қоймаудың медициналық көмекті жүзеге асырудың одан арғы кезеңдеріне әсерін бағалау жүргізіледі.

13.Мамандар консультациясының уақтылығы және сапасын бағалау мынадай төрт критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

1) консультация өткізілген жоқ, бұл симптомдар мен синдромдарды қате түсіндіруге әкелді, бұл аурудың нәтижесіне теріс әсер етті;

2) консультация уақтылы өткізілді, бірақ консультанттың пікірі дұрыс диагноз қою кезінде ескерілген жоқ, бұл аурудың нәтижесіне ішінара әсер етті;

3) консультация уақтылы өткізілді, консультанттың пікірі дұрыс диагноз қою кезінде ескерілді, бірақ емдеу жөніндегі консультанттың ұсынымдары орындалған жоқ, аурудың нәтижесіне ішінара әсер етті;

4) консультанттың пікірі қате, бұл аурудың нәтижесіне әсер етті.

Консультация кешігіп жүргізілген жағдайда, консультацияны уақтылы бермеу себептері және диагнозды уақтылы қоймауға ықпал ету медициналық көмекті жүзеге асырудың кейінгі кезеңдеріне объективті бағалау жүргізіледі.

14. Тағайындалған емдік іс-шараларды бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:

1) көрсетілімдері болған жағдайда емнің болмауы;

2) ем көрсетілімдерісіз тағайындалған;

3) емдеу кезінде осы пациенттің ауруы ағымының ерекшелігі, қосалқы аурулары, асқынулары есепке алынбай, тиімділігі аз емдеу іс-шаралары тағайындалған;

4) емдеу іс-шаралары толық орындалған жоқ, органдар мен жүйелердің функциялық жетіспеушілігі, дәрілік заттардың әсер ету тетіктерінің ерекшеліктері есепке алынбаған;

5) пациенттің бастамасы бойынша емдеуді тоқтатудың құжат бойынша ресімделген жағдайларынан басқа, клиникалық әсерін толық бағаламау және (немесе) ауру ағымының ауырлауы кезінде емдеуді уақытынан бұрын тоқтату;

6) ауруларды диагностикалау және емдеу хаттамаларынан едәуір ауытқу, дәрі-дәрмектердің ауыр жанама әсерінсіз полипрагмазияның болуы және жаңа патологиялық синдромның дамуы;

7) аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамаларының талаптарынан толық ауытқу, жаңа патологиялық синдромның дамуына және пациенттің жағдайын нашарлатуға әкелген полипрагмазияның болуы.

Емдеу іс-шараларын бағалау кезінде медициналық көмектің сапасы сараптамасының нәтижелерінде қиындық туғызатын немесе емдеу іс-шараларын жүргізу мүмкін емес және аурудың нәтижесіне әсер еткен немесе әсер етуі мүмкін мән-жайлардың болуы ескеріледі және көрсетіледі.

15. Стационар деңгейінде сараптама жүргізу кезінде емдеуге жатқызудан бас тартудың негізділігін бағалау, қабылдау бөлімшесінде медициналық көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау, жедел көмек станцияларымен (бөлімшелерімен) сабақтастықтың болуын, халықтың стационарлық көмекке қолжетімділігіне бағалау жүргізіледі. Консультативтік емхана деңгейінде пациенттер үшін медициналық көрсетілетін қызметтің қолжетімділігіне, тіркеу орнының жұмысын ұйымдастыруға бағалау жүргізіледі.

16. Медициналық көмектің сапасын бағалауға туындаған асқынулар және операцияны орындаудың нашар техникалық сапасымен түсіндірілетін асқынулар, хирургиялық манипуляцияларды орындаудың салдары болып табылатын операциядан кейінгі асқынулар және басқа да зерттеу әдістерін қолдану жатады.

17. Медициналық құжаттаманы жүргізудің сапасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес жазбалардың болуы, толықтығы және сапасы бойынша анықталады.

Сараптама жүргізу барысында пациенттің инвазивтік араласулар жүргізуден хабардар болу келісімін, ұсынылған емнен бас тартуын, сондай-ақ Кодекстің 56-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, патологоанатомиялық зерттеужүргізбеу негізділігін ресімдеу бағаланады.

18. Қол жеткізілген нәтижені бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:

1) медициналық көмек көрсету технологиясын сақтау кезінде күтілетін клиникалық әсерге қол жеткізу;

2) диагностикалық іс-шараларды сапасыз (анамнезді толық жинамау, тексеру нәтижелерінің болмауы немесе дұрыс түсіндірілмеуі, диагнозды дұрыс немесе нақты қоймау) өткізу салдарынан емдеу және профилактикалық іс-шаралардың клиникалық әсерінің болмауы;

3) бұл пациенттің ауруы ағымының ерекшеліктерін, қосалқы ауруларын, асқынуларды, дәрілік заттардың әсері тетіктерінің ерекшеліктерін есепке алмай тиімділігі аз емдік, профилактикалық іс-шараларды өткізудің салдарынан күтілетін клиникалық әсерге қол жеткізілген жоқ;

4) қалаусыз салдардың дамуына негіз болған полипрагмазияның болуы.

19. Сараптама жүргізілгеннен кейін медициналық көрсетілетін қызметтерден бас тартылған кезде мынадай қорытынды жіктеледі және шығарылады:

- медициналық көрсетілетін көмектің денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы

- пациентке мемлекет кепілдік берген көлемде тегін медициналық көмек көрсету туралы     

 

ҚҰРМЕТТІ ЕМДЕЛУШІЛЕР!

ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК-да «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес, ЕМДЕЛУШІНІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ (бұдан әріҚЫЗМЕТ)құрылды.

ҚЫЗМЕТТІҢ функцияларына медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу деректерін анықтау жатады.

Соған байланысты, егер Сіз:

- медициналық көмек көрсету сапасына қанағат болмасаңыз

- медициналық қызметкерлер құрамы тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз

- тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық қызметкерлермен ақша талап ету деректеріне тап болсаңыз

- сонымен қатар, егер СІЗ медициналық көмек көрсету тәртібіне және сапасына байланысты басқа күрделі мәселелерге тап болсаңыз, Сіздің ЕМДЕЛУШІНІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгінуге құқығыңыз бар.

ҚЫЗМЕТТІҢ жетекшісі директордың медициналық көмектің сапасы және аудит жөніндегі орынбасары - Күлжазира Зайнуллқызы Шайкенова болып табылады.

Әкімшілік, 5 қабатдиректордың медициналық көмектің сапасы және аудит жөніндегі орынбасарыныңкабинеті сағат 09.00-ден-13.00-ге дейін, сағат 14.00-ден-18.00-ге дейін, телефоны: 60-51-03

Біздің ұйымда медициналық көмек алу кезінде мәселе туындаған жағдайда, Сіз жүгіне аласыз:

Директорға – Күзеков Ардақ Мүбәракұлына, Әкімшілік 5 қабат диретордың қабылдау бөлмесі сағат 9.00-ден-13.00-ге дейін, сағат 14.00-ден-18.00-ге дейін, телефоны: 60-50-66

Директордың медицина бөлімінің жұмысы жөніндегі орынбасарына – Ирина Александровна Орсагошқа

Әкімшілік, 5 қабат директордың қабылдау бөлмесі сағат 9.00-ден-13.00-ге дейін, сағат 14.00-ден-18.00-ге дейін, телефоны: 60-50-66, 60-51-05

Сіздің өтініштеріңізді біз Сізге ыңғайлы кез-келген түрде қабылдауға дайынбыз:

Азаматтардың өтініштеріне арналған жәшіктер арқылы

Павлодар қаласы, 2-ші Южная көшесі, 51 мекенжайы бойынша корреспонденттік поштамен

Аурухананың сайты арқылы

Электрондық поштамен: pvlodb@mail.ru

Сіз сенім телефондары бойынша хабарласа аласыздар.

 

Сенім телефоны:  78-28-96

Біріңғай Call-орталығы: 1430

Әділдік пен ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің өтінішіңіз комиссиямен және Сіздің қалауыңыз бойынша Сіздің қатысуыңызбен қаралатын болады. Емделушіні қолдау және ішкі бақылау қызметі Сіздің өтінішіңізді қарап, ҚР заңнамасымен белгіленген мерзімдерде жауап ұсынады.

Біздің емделушілердің медициналық көмек көрсету деңгейіне және сапасына қанағат болу дәрежесін анықтау мақсатында, сонымен қатар, медициналық көмек көрсету сапасын бұдан әрі жақсарту және күрделі мәселелерді анықтау мақсатында ҚЫЗМЕТ емделушілер арасында сауалнама жүргізеді. Сауалнама өз еркімен және аты-жөні көрсетілмей жүргізіледі.

Сіздің пікіріңізді нақты көрсететін жауаптарды таңдап, сауалнаманың сұрақтарына жауап берсеңіз біз Сізге алғысымызды білдіреміз және осымен Сіз біздің ұйыммен медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға өз үлесіңізді қосасыз.


ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ

«ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ

НА ПРАВЕ ХОЗЯЙСТВЕННОГО ВЕДЕНИЯ

«ПАВЛОДАРСКАЯ ОБЛАСТНАЯ

ДЕТСКАЯ БОЛЬНИЦА»

УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ

АКИМАТА ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ

 

 

БҰЙРЫҚ                                                                     ПРИКАЗ

 

2020 жылғы 08 қаңтар  №55-ө

 

Павлодар қаласы                                                город Павлодар

        

Пациентті қолдау және ішкі бақылау

қызметінің құрамы туралы

 

Пациенттердің уақытылы, сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қажет көлемде алу құқықтарын қамтамасыз ету, бұдан әрі аурухананың қызметін жақсартуға бағытталған қажетті шаралар әзірленіп, өз жүйелерін, тәртіптер мен жұмыстарын, олардың баламалылығы мен тиімділігін бағалауын талдау арқылы көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету мақсатында,

БҰЙЫРАМЫН:

1.Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі (бұдан әрі – Қызмет) жеке құрылымдық бөлімше деп есептелсін және келесі құрамда бекітілсін:

-  Шайкенова К.З.– директордың медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары – Қызмет басшысы.

- Корнюхина М.П. - сарапшы – дәрігер

- Сейтказина Г.Т. - сарапшы – дәрігер

- Смаилов С.С. –хирург, сарапшы – дәрігер

- Сотникова Е.С. –ординатор дәрігер, сарапшы – дәрігер

- Туякбаева Т.А. – эпидемиолог дәрігері

- Мұратова М.М. – эпидемиолог дәрігері

- Акопов С.Г. – клиникалық фармаколог

- Кунпеисова К.К. – баспасөз хатшысы

- Кадырбекова Р.Ш. - заңгер

2. Өз жұмысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016ж. 28 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 ж. 27 наурыздағы «Медициналық қызметтердің сапасына ішкі және сыртқы сараптама ұйымдастыру және жүргізу ережелерін бекіту туралы» № 173 бұйрығына өзгрету енгізу туралы» № 568 бұйрығын басшылыққа алсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

 

Директор м.а.                                               Орсагош И.А.

 

Шайкенова К.З.

_________

Туякбаева Т.А.

_________

Кадырбекова Р.Ш.

_________

Сейтказина Г.Т.

_________

Мұратова М.М.

_________

Кунпеисова К.К.

_________

Корнюхина М.П.

_________

Акопов С.Г.

_________

Смаилов С.С.

_________

Сотникова Е.С.

_________