контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar
Емделушінің жеке кабинеті

Құрметті емделушілер!

Сіздерге 2014 жылғы 14 қарашадан бастап Павлодар қаласының №4 емханасында «Емделушінің жеке кабинеті» атты сервис жұмысы басталғанын хабарлаймыз.

Сіз осы сервистің көмегімен қойылған диагноз, дәрігердің тағайындауы және тексерістердің нәтижелері туралы ақпаратты алуға, дәрігердің қабылдауына жазылуға, дәрігерді үйге  шақыруды жүзеге асыруға мүмкіндігіңіз бар.Сонымен қатар, Сіз өзіңіздің дәрігеріңізбен хабарламалармен алмасуға, дәрігерге келу немесе профилактикалық тексерістен өту қажеттігі туралы хабарландыру қағазын алуға мүмкіндіктер ұсынылады.

«Емделушінің жеке кабинеті» сервисімен қолдануды бастау үшін Сізге келесі әрекеттерді орындау қажет:

  • pol4-lk@mail.ru емхананың пошта жәшігіне Сіздің жеке мәліметтеріңізді (аты-жөніңізді, туған жылыңызды) толығымен көрсете отыра, біздің сайтымыздағы жеке кабинетпен қолдануға ниет білдіру жөнінде хат жібересіз. Хаттың тақырыбында «Жеке кабинет» деп көрсетіңіз.
  • Сіздің пошта жәшігіңізге Жеке кабинетіңізге логин мен құпия сөзі жазылған хат жіберіледі. Логин мен құпия сөз автомат түрінде құрылып жіберіледі, бұл Жеке кабинетіңіздегі барлық медициналық жазбалар құпиялы түрде сақталатындығына сенімді болуға мүмкіндік береді.
  • Алынған мәліметтерді сайттағы мәзір бөліміндегі Жеке кабинет деген тиісті бөлікке енгізіңіз.
  • Қолданушы логин мен құпия сөзді үшінші бір тұлғаға тапсыруды қоспағанда, осы сервистің және электрондық медициналық картаның көмегімен ғаламторға шыға алатын кез-келген жерден өзінің медициналық жазбаларына қорғалған рұқсатты ала алады.