контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar
Байқау кеңесі

ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-да 5 адамнан тұратын Байқау кеңесі құрылды және қазіргі уақытта өз қызметін жүзеге асырады (негізі):

  • Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы «Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы қолданыстағы мемлекеттік кәсіпорындарға байқау кеңестерін енгізу туралы» № 224/6 қаулысы;
  • 2016 жылғы 10 маусымдадағы Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар қаласының № 4 емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындағы Байқау кеңесінің мүшелерін лауазымға тағайындау конкурсының қорытындысы туралы №3 хаттамасы;
  • Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар қаласының № 4 емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындағы байқау кеңесінің  құрамын құру және бекіту туралы» 2016 жылғы 7 шілдедегі № 478-0 бұйрығы.

ШЖҚ «Павлодар қаласының № 4 емханасы» КМК Байқау кеңесінің төрағасы (бұдан әрі — БК) – денсаулық сақтау саласының ардагері –                           Б.Д. Оразғалиев  болып табылады.

БК мүшелері – А.Т. Отарбеков – емхананың бас дәрігері, Б.А. Капенов – Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік-шаруашылық жұмыстары, АҚ және ТЖ бойынша жұмылдыруға дайындау, мемлекеттік құпияларды сақтау бөлімінің басшысы, К. Машғұт – денсаулық сақтау саласының ардагері, Н.М. Орехова – «Панацея» ЖШС дәріханасының меңгерушісі.

БК хатшысы – емхана заңгері – Г.К. Ахметова.

БК-нің жұмыс регламенті  Байқау кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарымен анықталады. Байқау кеңесі: уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарының жобасы бойынша, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қорытынды береді; мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарының орындалуы туралы есептің жобасын келіседі;бюджет қаражаты мен қосымша көздерден алынған қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау үшін мемлекеттік кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттамасымен танысады және т.б.

Емхананың Байқау кеңесі өз жұмысында мыналарды басшылыққа алады:

  1. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы «Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидаларын бекіту туралы» № 115 бұйрығы.
  3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2015 жылғы 20 ақпандағы «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» № 113 бұйрығы.
  4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы «Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерді бекіту туралы» № 114 бұйрығы.

2018 жылдың өткен кезеңіне ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-да бекітілген жоспарға сәйкес БК-нің бірқатаротырыстары өтті. Осылайша, 2018 жылдың 15 наурызында Б.Д. Оразғалиевтың төрағалық етуімен байқау кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде емхананың бас дәрігері А.Т. Отарбековтың 2017 жылға арналған негізгі жұмыс көрсеткіштері және 2018 жылы атқарылатын міндеттер туралы есептері, сондай-ақ өткен жылы қаржылық-шаруашылық жоспардың орындалуы туралы бас бухгалтердің есебі тыңдалды.

Байқау кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ұсынылған есептерді бекіту туралы бірауыздан шешім қабылданды.

Сонымен қатар, 2018 жылғы 27 қыркүйекте ШЖҚ «Павлодар қаласының № 4 емханасы» КМК-да Б.Д. Оразғалиевтың төрағалық етуімен байқау кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста 2018 жылғы 8 ай ішіндегі пациенттердің өтініштері туралы есептер тыңдалды, кадрлық саясат мәселелері, скринингтік зерттеулердің нәтижелері, алдағы жылыту маусымына дайындық, сондай-ақ 2019 жылға арналған емхананың даму жоспарының жобасы тыңдалды.

Байқау кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ұсынылған есептерді бекіту туралы бірауыздан шешім қабылданды және емхананың даму жоспары туралы ұсынылған жобасына оң қорытынды жасалды.

Бұдан басқа, Байқау кеңесінің төрағасы Б.Д. Оразғалиев шағымдарды болдырмау үшін ең көп жиналған пациенттері бар бөлімшелерде электрондық кезекті енгізуді ұсынды. Медициналық қызметкерлердің жалақысын көтеру туралы сұрақтар қаралды, емхананың қауіпсіздік қызметі мен өрт дабылдарын күшейту туралы мәселесі қарастырылды.