контакт: 8(7187)372966 ok-gb@mail.ru
адрес: Екібастұз қ. Торайғыров көшесі, 32
Амбулаториялық хирургия орталығы

Амбулаториялық хирургия орталығы

2014 жылғы 1 ақпаннан бастап «Екібастұз қалалық ауруханасы» базасында (балалар ауруларын емдеу корпусы)Торайғыр көшісі , 32-үй мекенжайында Амбулаториялық хирургия орталығы ашылды. Онда күндізгі стационар жағдайында пациенттерге хирургиялық көмек көрсетуге арналған келесі бейін бойынша көмек көрсетіледі: хирургия, ЛОР-аурулар, көз аурулары, травматология және ортопедия. Өз құрамында Амбулаториялық хирургия орталығы аяқтарының тамырлы патологиясымен ауыратын науқастарға консервативті көмек жүргізуге арналған10 төсек орындық күндізгі стационары бар.

Бөлімше қызметкерлері:

Амбулаториялық хирургия орталығының меңгерушісі– Фризен Виктор Ричардович, жоғары санатты дәрігер.
Тамырлы
 хирург – Изгуттинов Думан Ержанович, бірінші санатты дәрігер.
Офтальмолог – Березенец Александр Александрович, бірінші санатты дәрігер.
Проктолог — Рыспаев Бейбут Серикович, жоғары санатты дәрігер.

Амбулаториялық хирургия орталығында жүргізілетін оперативті кірісулер.

Мамандығы бойынша-хирургия.

  1. Тері, теріасты шелмайы, бұлшықет, тамырдың қатерлі емес ісігін алып тастау (оның ішінде электроисцизия, криодеструкция).
  2. Кіріп кеткен тырнақ, тырнақ пластинкасының деформациясын оперативтік емдеу.
  3. Әр түрлі локализацияның сыртқы қысылып қалмаған жарықты тігу (кіндік, кіндік жаны, іштің ортаңғы сызығының жарығы және т.б.)
  4. Терінің косметикалық және тыртық дефектілеріне платикалық хирургия.
  5. Сүт безінің түйінді зақымдануы және жұмсақ тін, лимфа түйіндерінің жаңа өспелерін диагностьикалаудың инвазивті әдістері.

Мамандығы бойынша –травматология және ортопедия.

  1. Сіңір, сүйек тіндерінің қатерсіз ісіктерін алып тастау (оның ішінде электроинцизия).
  2. Сүйек экзостоздарын алып тастау (оның ішінде сүйектің буындарын).
  3. Созылмалы бурсит, кистозды гигрома кезінде қалтаны кесіп алып тастау.
  4. Сүйек сынықтарын, импланттар фиксаторларын алып тастау.
  5. Саусақ, алақан, табан сүйектерінің сынуы кезіндегі остеосинтез (ашық және жабық).
  6. Тарылған лигаментитті инъекционды лизисті емдеу, Дюпюитрен контрактурасында алақандық апоневрозды алып тастау.
  7. Бақайларды, оның ішінде табанның фалангілеріне ампутация және реампутация жасау.
  8. Табанға ота жасау, бақайларына, табан сүйектерінің деформациясын түзету.
  9. Қол саусақтары және табан бақайларының жазатын және бүгетін сіңір жіктерін орындау.

Мамандығы бойынша-офтальмология және ЛОР.

1.Папиллома, полип, халазион, птеригиум –қатерсіз ісіктерін алып тастау.

  1. Көз жасы жолдарын шаю және сүңгілеу.

3.Парабульбарлы және субконъюктивальды инъекциялар.

4.Конъюктивтер және мөлдірқабықтардағы бөгде заттарды алып тастау.

5.Мөлдірқабыққа жасаған отадан кейінгі тігісті алып тастау.

6.Мұрынның қуыстарына пункция жасау және шаю.

Ота жасау алдындағы тексерумен оперативті емдеу және аяқтарының тамырлы патологиясымен ауыратын науқастарды консервативті емдеу қала емханаларының бейінді мамандарының жолдамасы бойынша тегін жүргізіледі.


Амбулаториялық хирургия орталығының жұмыс уақыты: сағат 08.00-тан 15.30-қа дейін түскі үзіліссіз.

Пациенттерге консультация беру 8 (7187) 37-11-45 телефоны арқылы алдын ала жазылу бойынша іске асырылады.

Біздің мекенжайымыз:  Торайғыр көшісі , 32-үй 1 қабат

Пациенттің қалауы бойынша ШЖҚ «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК хирургиялық бейіннің жетекші мамандарынан консультативтік көмек алу баға прейскурантына сәйкес ақылы түрде жүргізіледі.

 

DSC_7835

Амбулаториялық хирургия орталығының меңгерушісі– Фризен Виктор Ричардович, жоғары санатты дәрігер.