Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Туберкулезге қарсы балалар санаторийі 1945 жылғы 1 тамызда бұрынғы әскери госпиталь болып негізделген, 50 орынға есептелген. Санаторийдің бірінші директоры Любовь Емельяновна Шипунова болған. 1960 жылы туберкулез аурының асқынуына байланысты, санаторий 100 орынға кеңейтілген. 1964 жылы санаторийде өз педагогикалық қызметкерлері бар мектеп ашылды, мектепте оқу ісінің меңгерушісі В.М.Чудакова болды. 1977 жылы Балалардың туберкулез санаторийіне Свердлов көшесінен жаңа ғимарат берілді, онда 175 орын ашылды. 1977 жылы Туберкулезге қарсы балалар санаторийі Ертіс жағасында Зеленая Роща, 4 мекен-жайына, бұрынғы трактор зауытының 6 қабаттық профилакторий ғимаратына көшіп келді. Санаторий ем қабылдау үшін 2 жас пен 14 жас аралығындағы балаларды қабылдайды, 1 және 7 сынып аралығындағы балалар оқитын мектеп жұмыс жасайды (оқу екі тілде жүреді: қазақ тілінде және орыс тілінде).

Туберкулезге қарсы балалар санаторийінің жұмыс жасаған уақытында ең үздік қызметкерлер төмендегілер болды:

Куропий Нина Васильевна, Мальцева Таисия Исааковна, Камалитдинова Ляля Аухадиевна, Панютина Надежда Романовна, Паньшин Михаил Иванович, Шипилова Нина Никитична, Олейник Анна Петровна, Беленкова Антонина Ивановна, Таранцева Валентина Николаевна, Беликова Нина Трофимовна, Маджуга Римма Васильевна, Репетунова Юлия Афанасьевна, Чудакова Валентина Матвеевна, Омельницкая Анна Панфиловна, Выжутович Надежда Николаевна, Шатилова Нина Александровна, Завьялова Мария Филипповна, Сальникова Людмила Федоровна, Холод Григорий Пантелеевич, Семенова Маргарита Васильевна, Алексеева Евдокия Ивановна, Чернышова Анна Алексеевна, Савченко Людмила Николаевна, Таранцева Валентина Николаевна. Олар балаларға деген қамқорлықтарымен және ілтипаттарымен, қызметтік міндеттемелеріне адал қарағанымен, санаторийдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуымен ерекшеленді, бірнеше рет облыстық шығармашылық және көркемдік өздігінен істеушілік көрмелерге қатысты. 1985 жылы Әлемдік кеңес қорына белсенді қатысқаны үшін мадақтау қағазымен және вымпелмен марапатталды.

 

Басқарушылар құрамы:

1.     Шипунова Л.Е. (1945 ж.тамызынан бастап 1947 ж.қазанына дейін);

2.     Вязгина м.М. (1947 ж.қазанынан бастап 1948 ж.сәуіріне дейін);

3.     Бацокина П.Ф. (1948 ж.сәуірінен бастап 1951 ж.қаңратына дейін);

4.     Ботькаева З.И. (1951 ж.қаңтарынан бастап 1954ж.наурызына дейін);

5.     Пономарева Т.Ф. (1954 ж.наурызынан бастап 1956ж.қазанына дейін);

6.     Куропий Н.В. (1956ж.қазанынан бастап 1969 ж.қарашасына дейін);

7.     Кобина Т.С. (1969ж.қарашасынан бастап 1974ж.қаңтарына дейін);

8.     Мальцева Т.И. (1974ж.қаңтарынан бастап 1981ж.мамырына дейін);

9.     Демидова Т.Ф. (1981ж. мамырынан бастап 1983ж.мамырына дейін);

10.Паньшин М.И. (1983ж. мамырынан бастап 1995ж.маусымына дейін);

11.Абрамов Д.Л. (1995ж. шілдесінен бастап 2000 ж. шілдесіне дейін);

12.Айткалиев А.К. (2000ж. шілдесінен бастап 2006 ж. 14 мамырына дейін);

13.Джанина Г.Г. (2006ж. 25наурызынан бастап 2009ж.02қыркүйегіне дейін);

14.Оспанова А.Т. (м.а. 2009ж. 3 қыркүйегінен бастап 2010 жылдың 09 наурызына дейін);

15.Байказакова С.С. (2010ж. 10 наурызынан бастап 2012ж. 23 сәуіріне дейін);

16.Даневич В.Н. (2012ж. 22мамырынан бастап 2013ж. 24маусымына дейін);

17.Оспанова А.Т. (2013ж. 25мауысымынан бастап);

 

Қазіргі таңда санаторийде туберкулез инфекциясы ошагынан келген балалар, DOTS-терапиясы бойынша қолдаушы фазасындағы балалар, туберкулиндық сынама виражы бар және гиперергиялық туберкулиндық реакциясы бар балалар ем қабылдайды.

Жылына Павлодар облысының аудандары мен қалаларынан келген 750-ге жуық бала жатып емделеді. Ем алудың орташа ұзақтығы – 99 күн.

         Балалардың санаторийде емделуінің негізіне белгілі бір кешеніне емдік-сауықтыру шаралары жатқызылған.

        Санаторийде келесі сауықтыру шаралары қолданылады:

-   шынықтыру шаралары: гидротерапия (сулық шаралар)– салқын сумен шайыну, бассейнде шомылу;

-      таңертеңгілік гигиеналық гимнастика;

-      ЕДТ;

-      Тыныс алу гимнастикасы;

-       массаж;

-       жаттығу құрылғыларындағы жаттығулар;

-       физиошаралар;

-        сарымсақпен тыныс алу;

-        витаминотерапии;

-        иммуномодуляциялық терапия;

-        қымызбен емдеу;

-        жеке мамандардың кеңесі;

-        инфекцияның созылмалы ошағының санациясы.