Біздің облыста 22 қарашадан бастап 23 қараша аралығында онкологиялық қызмет жұмысының қорытындысы бойынша өңірлік кеңес өтеді.

Дата: 2012-11-22 06:42:58
Біздің облыста 22 қарашадан бастап 23 қараша аралығында онкологиялық қызмет жұмысының қорытындысы бойынша өңірлік кеңес өтеді.

Өңірлік кеңестің бағдарламасында Шығыс – Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінің және Семей қаласы диспансерлері директорларының «ШҚО Өскемен өңірінің онкологиялық қызметі жұмысының қорытындысы», «ШҚО Өскемен өңірінің онкологиялық қызметі қызметінің қорытындысы» есептері, сондай-ақ Павлодар облыстық онкологиялық диспансері директорының есебі.

Онкологиялық қызмет жұмысы қорытындылары жөніндегі өңірлік кеңестің бағдарламасы шеңберінде бас және мойын ісігін хирургиялық емдеу бойынша мастер-класс өткізу жоспарлануда.

Мастер-класс ОРҰЗИ профессоры бас және мойын ісігі бөлімшесінің меңгерушісі Г.Б. Әділбаев жүргізетін болады.

Бағдарламада – көмей обырын хирургиялық емдеу (2 операция), қалқаншабез ісігін хирургиялық емдеу (1 операция), жақсүйекасты сілекей безінің ісігі хирургиялық емдеу (1 операция).

Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде 2012 жылғы 9 ай ішінде қатерлі жаңадан пайда болған ісікпен 1695 науқас есепке алынды, ауыршаңдық 100 000 халыққа шаққанда 226,9 құрады. 2011 жылдың үйлесімді кеңеімен салыстырғанда 1560 науқас есепке алынды, ауыршаңдық 100 000 халыққа шаққанда 208,9 құрады, ауыршаңдық 8,6% өсті.

Ауыршаңдық құрылымында 1 орында - өкпе обыры (13,3%), 2 орында – тері обыры (12,1%),   3 орында – сүт бездері обыры  (11,8%),   4 орында – асқазан обыры (8,4%),  5 орында – тоқішек обыры  (5,4%).

Онкологиялық ауыршаңдық өкпе обыры (2011 жылы 189 қарсы   225 жағдай тіркелді), тері обыры (2011 жылы 180 қарсы 2012 жылы 205 жағдай), сүт бездері обыры (2011 жылы 196 қарсы 2012 жылы 200 жағдай) сияқты локализациялар есебінен көбейді.

Облыста онкологиялық жағдайды жақсарту үшін негізгі проблема асқыну, әсіресе визуалды локализация ісігі арасында көрсеткіштерін төмендету, онкологиялық ауыршаңдықтан өлім-жітімді төмендету болып табылады.

Онкологтардың біліктілік деңгейін арттыру, жалпы емдеу желіліренің дәрігерлерімен және орта медициналық қызметкерлермен онкология проблемалары жөнінде одан әрі тиімді жұмыс жасау, Қазақстан Республикасы мен шетелдік өңірлердің онкологтарымен тығыз ынтымақтасу, дәрігерлермен өткізілетін обырға қарсы насихаттау сапасын арттыру, материалдық-техникалық базаны нығайту, жаңа алдағы технологияларды енгізу 2012-2016 жылдарға арналған ҚР онкологиялық қызметтерді дамыту бағдарламасында қойылған мәндеттерді орындауды қолжеткізуге мүмкіндік береді.  

Автор: Басқарма