«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі 2016 жылға облыстық бюджет қаражатынан қаржыландыратын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау рәсімін өткізу туралы хабарлама

Дата: 2016-10-13 08:09:32

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау рәсімін өткізу туралы хабарлама

140003 Павлодар қ., Иса Байзақов көшесі, 151/2, kense.dz@pavlodar.gov.kz. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы 2016 жылға облыстық бюджет қаражатынан қаржыландыратын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні (бұдан әрі – ТМККК көрсету бойынша қызметтер) таңдау рәсімін (бұдан әрі – рәсім) өткізу туралы хабарлайды: Медициналық көмек түрлері бойынша :
  1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек.
  2. Білікті медициналық көмек.
  3. Мамандырылған медициналық көмек.
Медициналық көмек түрлері бойынша:
  1. Жедел медициналық жәрдем.
ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер Павлодар облысының аумағында көрсетілуі тиіс. Рәсімге қатысуға арналған өтінімдер және нысандары www.depzdrav.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан қоса берілген құжаттардың тізбесін әлеуетті қызметтер берушілер Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы Павлодар қ., Иса Байзақов көшесі, 151/2 мекенжайы бойынша, № 301 кабинетке немесе Павлодар облысының «Азаматтарған арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұсынады. Рәсімге қатысуға арналған өтінімдері усынудың соңғы мерзімі және оған қоса берілетін құжаттарды «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ға 2016 жылғы 19 қазан сағат 18.30-ға дейін, ал «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына 2016 жылғы 18 қазан сағат 20.00-ге дейін ұсынады. Рәсімге қатысуға арналған өтінімдер 2016 жылғы 20 қазан сағат 16.00 мына мекенжай бойынша: Павлодар қ., Иса Байзақов көшесі, 151/2, № 301 кабинетте қаралатын болады. Қосымша ақпаратты және анықтаманы мынадай телефондар арқылы алуға болады: 8 7182 (код) 67-52-46, 67-51-13.  
2016 жылғы арналған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау тәртібіне қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізімі Жүктеу
Кадрлар біліктілігі туралы мәліметтер Жүктеу
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінім Жүктеу
Кепілдік міндеттемесі Жүктеу
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде соңғы 3 жылда Жүктеу
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін әлеуетті қызметтер берушінің соңғы 3 жылдағы Жүктеу
Медициналық техниканың болуы туралы мәліметтер Жүктеу
Автор: Басқарма