Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру (әрі қарай - АТЖ) жұмыстарын жүргізу

Дата: 2016-11-07 18:40:37
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру (әрі қарай - АТЖ) жұмыстарын жүргізу IMG_7142

2016 жылғы 7 қарашада Павлодар ауданы Новочерноярка ауылының Мәдениет үйі базасында Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Қ. Қасымов тұрғындар арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді.

Н.Қасымов медициналықсақтандырудың негізі түсініктерін ашып өтті: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру деген не? Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейтін болады? МӘМС-ге мемлекет кім үшін жарна төлейді? ТМККК аясында қандай қызметтер көрсетілетін болады? Ауыл тұрғындарына міндетті сақтандыруды енгізу жөніндегі презентациялық материалдар көрсетілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізу барысында Новочерноярка ауылының тұрғындары қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.

Автор: Басқарма