Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мерекелеу қарсаңында

Дата: 2016-12-12 14:04:42

2016 жылғы 12 желтоқсанда Май ауданының Көктөбе ауылында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мерекелеу қарсаңында Облыстық мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды оңалту орталығы ашылуы өтті.

«Облыстық мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды оңалту орталығы» ММ-сі мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға стационарлық көмек көрсетеді.

Жаңа оңалту орталығы 30 орынға есептелінген. Объектінің жалпы көлемі 1501,5 шаршы метр.

Ғимаратқа медициналық құрал 38 872,5 млн. теңге сомасына қойылған.

Оңалту орталығында мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға медициналық көмектің қол жетімділігі және сапалы көрсетілімі үшін барлық жағдайлар құрылған. Орталықтың бөлімшесі жаңа құрлғылармен, көлденең магнитті велотренажер, аяқтары үшін қысқыштары бар арқаны көлденең бүгуге арналған тренажер, аяқ қолдардың жоғары және төменгілерін әзірлеудің активті белсенді тренажері, су асты созуға арналған кешен және омыртқан гидромассажы.

Жаңа облыстық орталықтың ашылуы мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға талаптарға сәйкес, сапалы заманауи медициналық көмек көрсетілу мүмкіндігін береді, медициналық көмек көрсетуде қол жетімділік пен уақытылы қамтамасыз етуін жақсартады, алаңдарды нормативтерге сәйкестендіреді.

Автор: Басқарма