Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің Күні

Дата: 2016-12-14 10:35:54
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің Күні

IMG_3911

Денсаулық сақтау басқармасында 2016 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған, салтанатты жиылыс болды.

Салтанатты кеште Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Қасымқызы Дүйсенованың құттықтау хаты оқылды.

Көп жылғы еңбегі және лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығына сай облыстың медициналық қызметкерлері «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25-жыл» мерейтой медалімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің наградаларымен:

  1. «Еңбек ардагері» медалімен
  2. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен
  3. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлес үшін» төсбелгісімен
  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің Құрмет грамотасымен
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттары табысталды.

Сөз соңында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қаукенұлы, 2016 жыл-бұл әр қазақстандықтың өміріндегі аса ерекше кезеңді бейнелейді. Біз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап салтанатты мерекелудің 25-жылдығына куәгерлер болып отырмыз. 25 жыл бойы ақылға сыймайтын тарихи дамуда оқыс алға ұмтылды, қазақстандықтар Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен берік, динамикалық, заманауи мемлекет құруда аянбай еңбек еткенін атап өтті.

Автор: Басқарма