Алғабас ауылында фельшерлік амбулаториялық пунктінің ашылуы Павлодар облысының әкімі Б.Ж. Бақауовтың қатысуымен 2016 жылғы 29 желтоқсанда болды.

Дата: 2016-12-29 10:47:39
Павлодар облысында 200 мыңнан аса адам ауылдық жерде тұрады, оның ішінде Ақсу өңірінде 24 мың адам.Облыста ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша барлық жағдайлар жасалған. Қазіргі кезде облыста 9 орталық аудандық аурухана, 1 ауылдық учаскелік аурухана,59 ауылдық дәрігерлік амбулатория,25 ФАП,222 медициналық пунктер жұмыс істейді.

Ақсу қ. тұрғындарына медициналық қызметті ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы»КМК жүзеге асырады, оның құрамында 185 төсек орынға тәуліктік стационар және 2010 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» Президенттік бағдарламасы бойынша салынған ауысымына 500 келушілерге арналған емхана кіреді.Ақсу өңірінің ауылдық аумағында Ақсу орталық ауруханасы құрамына кіретін 7 АДА, 5ФАП, 15 медициналық пункт жұмыс істейді. Ақсу өңірінің ауылдық тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділікті қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында жылжымалы штаттық бригадалар құрылған, оның құрамына акушер-гинеколог, терапевт, хирург және басқа да арнайы мамандар кіреді. 2011 жылғы қазан айында республикалық қаражат есебінен «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында алынған «Камаз» автомашинасы базасында жылжымалы медициналық кешенінде ұйымдастырылған , жұмысты құрамына жалпы тәжірибе дәрігері, хирург, стоматолог, клиникалық және рентген зерханашы, көз дәрігері медбикесі бар медициналық бригада қамтамасыз етеді, жұмыс кесте бойынша ауылдық пункттерге үнемі шығып отырады. Ауыл халқына дәрілік заттармен көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында өңірде 11 стационарлық дәріханалық пункттер және 31 елді мекенге кесте бойынша шығатын 3 жылжымалы дәріханалық пункт жұмыс істейді.Кейінгі жылдары аурухананың материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша белсенді іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде ауылдық денсаулық сақтау ұйымдары: 2013жылы Ақсу кентінде дәрігерлік амбулатория салынып пайдалануға берілді,нысанның жалпы бағасы 135 млн.теңге.2014 жылы Жолқұдық ауылында дәрігерлік амбулатория салынып пайдалануға берілді,нысанның жалпы бағасы 110 млн.теңге. 2017 жылы Евгеньевка ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы басталады.

Осы ФАП-тың ашылуы ауылдың медицина қызметкерлерінің қызметі үшін мықты ынталандыру болады, ол Алғабас ауылы тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуді жақсартады және халықтың денсаулық жағдайы деңгейін арттырады.

Автор: Басқарма