Ертіс ауданы Иса Байзақов ауылының дәрігерлік амбулаториясының ашылуы Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.М. Бегентавтың қатысуымен 29 желтоқсанда 2016 жылғы болды.

Дата: 2016-12-29 10:55:37

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының басымдылығының бірі, адамдардың мұқтаждарына бағытталған, тұрғындардың жалпы қағидаларының сақталуын қамтумен,әлеуметтік әділдікті, сапалы медициналық көмекке қол жетімділігі және өз денсаулығына деген жауапкершілікті қамтамасыз етумен, ұлттық денсаулық сақтаудың тұрақты және қарқынды дамуын анықтайды.

Ауысымына 30 орынды салынған амбулатория, амбулаториялық науқастарға медициналық көмек көрсету үшін тағайындалған, сондай-ақ кешенді емдік-алдын алу шараларын іске асыруға, ауруларды ескертуге бағытталған:

  • білікті медициналық көмек көрсету;
  • созылмалы аурулардың жоғары қауіпі бар науқастардың диспансеризациясын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • санитарлық-гигиеналық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Амбулатория құрамында дәрігерге дейінгі және дәрігердің қабылдауына арналған кабинеттер, тексеретін орны бар гинеколог кабинеті, физиотерапиялық емдеу кабинеті, қақырық жинау үшін және туберкулезге қарсы препараттарды қабылдауға арналған орындар, залалсыздандыру, егу кабинеттері, изолятор, ем-дом шара кабинеті және 3 орынды күндізге стационар.

Күндізгі стационар науқастардың ем шараларын қолдану кезінде қысқа уақыт ішінде болу үшін және содан кейін 2-3 сағат демалуға арналған.

Дәрігерлік амбулаторияның жаңа корпусының ашылуы тұрғындарға талаптарға сай сапалы заманауи медициналық көмекті, медициналық көмекті көрсетуде қол жетімділік пен уақытылы қамтамасыз етуін жақсарады, алаңдардың нормативтерін сәйкестендіруге әкелу мүмкіндігін береді.

Автор: Басқарма