Республикадағы жедел медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі республикалық семинар

Дата: 2017-01-20 07:30:55
Республикадағы жедел медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі республикалық семинар

smp

2017 жылғы 19-20 қаңтарда Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында Республикадағы жедел медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі республикалық семинар өткізіледі.

Семинарда ШЖҚ «РЦСА» РМК директоры Н.К. Отарбаев, директордың орынбасары М.З. Шалғынбаев, бас дәрігерлер және Республиканың жедел жәрдем қызметінің жетекші мамандары қатысады.

Президент және Республика Үкіметімен облыстағы жедел жәрдем қызметін дамытуға тұрақты негізде көп көңіл бөлінеді.

Қазіргі уақытта Павлодар облыстық станциясында Павлодар облысында жедел медициналық жәрдем қызметін оңтайландыру бойынша пилоттық жоба енгізілген.

Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы базасында қалалық және аудандық ауруханаларының жедел көмек бөлімшелерін, сондай-ақ санитарлық авиация бөлімшесін тапсырумен жедел медициналық Қызметті орталықтандыру жүзеге асырылған.

Жоба аясында навигациялық жүйемен, телебайланыспен, телефонмен, интернетпен қамтамасыз етілген, бірыңғай диспетчерлік қызмет құрылды.

Облыс тұрғындарынан 103 жолы бойынша барлық шақыртулар орталық диспетчерге келіп түседі де, келесідей шақыртуларды аудандарға беріледі (30 секунд ішінде қабылдау және тапсыру).

Аудандық және Ақсу және Екібастұз қалаларының жедел және бригадаларында дистациондық ЭКГ енгізілді.

Аудандардың жедел көмек бригадалары медициналық жабдықтармен, ноутбуктармен, компьютерлермен жабдықталған, облыстағы жедел көмек қызметін басқарудың жалпы автоматтандырылған жүйесіне шоғырланумен АБЖ, электронды-цифрлі картада, облыстың санитарлық транспортының қозғалысы GPS-мониторинг жүйесімен қамтамасыз етілген, көгілдір отынға ауысуы, 20% дейін жанармай үнемдеуді құрды.

Парамедиктерді оқыту үшін оқу-тренинг орталығы құрылды: жол-патрульдік қызмет қызметкерлері, жедел жәрдемнің жүргізушілері және санитарлары. Осы кезең ішінде 590 парамедик, оның ішінде 247 ЖКҚ қызметкерлері, сондай-ақ ауылдық аймақтағы 3067 медициналық қызметкер оқытылды. Осының нәтижесінде үздік реанимация саны, өсті, соңғы 4 жыл ішінде жатқызуға дейінгі өлім жағдайлары төмендеді.

Пилоттық жобаны енгізу нәтижесінде қызмет жұмысының индикаторлары жақсарды:

- шұғылдықтың көрсеткіші тұрақты және шектіктен жоғары 7% .

-стационарларға жеткізілген, емделушілерді жатқызу көрсеткіші тұрақты, бұл шектіктің 7% жоғары маңызды.

Қайта шақыртулардың шектік салмағы 0,9%, бұл шектіктің маңызынан төмен.

Диагноздардың қайталанудағы шектік салмағы 99,5%-ға дейін өсті.

Мекенжайды қайта атау 8% құрды, бұл шектіктен 5% жоғары.

Жедел жәрдем қызметін жақсарту жөніндегі Павлодар облыстық стация қызметінің тәжірибесі бүкіл Қазақстан бойынша қолданылатын болады.

Республикадағы жедел медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі республикалық семинар.

Автор: Басқарма