контакт: 8 (71831) 2 28 31 otdelkadrovzrb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка селосы, Квиткова көшесі,50.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жыл ішінде ШЖҚ «Железин ОАА» КМК жетістіктері туралы ақпарат

Дата: 2016-11-07 02:45:02

Денсаулық сақтау

басқармасының басшысы

Н. Касимовке

    ҚР Тәуелсіздігінің 25 жыл ішінде ШЖҚ «Железин ОАА» КМК жетістіктері туралы ақпарат
  1. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының аясында 2009 жылы ауысымына 100 қабылдау және 60 төсек орын қуаттылығымен жаңа аурухана құрылды. Тек орталық аудандық ауруханада ғана емес күндізгі стационардар ашылды, ауданның дәрігерлік амбулаторияларында да ашылды.
2014 жылы «350 амбулатория және ФАП» бағдарламасы бойынша ауысымына 25 адам Башмачное а. дәрігерлік амбулатория құрылды және пайдалануға енгізілді. «Павлодар – біздің жалпы үйіміз» АҚ сыйлау келісімі бойынша 2012 жылы Валиханово а. жаңа медициналық пункті пайдалануға тапсырылды.
  1. Медициналық жабдықпен жабдықтандыру 83,3 % белгіге жетті. Олардың арасында аудан үшін ірі аппараттар: рентген және флюроорнату; УДЗ және ФГДС, маммография зерттеу аппараты, ол ауданға жататын халыққа қызмет көрсетуін жеңілдетеді.
  2. Тозған санитарлық транспорт жаңаға толық ауыстырылды, УАЗ автокөлік маркасы және реанимобиль. Барлық дәрігерлік амбулаториялар жаң көлікпен жабдықталған, ФАП-де автокөлік бар.
  3. Жазғы тұрымауданның тұғындары үшін жылжымалы стоматологиялық кешен қызмет етеді.
  4. Ауданда 1 жылжымалы дәріханалық пункт және денсаулық сақтау ұйымдарында орналасқан 17 дәріханалық пункт қызмет етеді.
  5. Железинка селосы Павлодар-Омск қалалары арсында орналасқанына және халық аралық маңызы бар трасса болуына байланысты, орталық ауруханада ЖТА уақиғаларына республикааралық жарақаттану пункті ашылды.
  6. «Халықтың скрининг тексерістері» бағдарламасы тәжірибеге енгізілді, ол онкология ауруларын ерте сатыда табуын жоғарлатуға мүмкіндік берді.
  7. Телемедицина кабинеті ашылды, кабинет арқылы облыс мамандарымен кеңестік сеанстар жүргізіледі.
  8. Дәрігерлік кабинеттер, регистратура, ауданны дәрігерлік амбулаториялары, әкімшілік пайдалану кабинеттері компьютерлендірілген.
  9. БМСК кадрлық құрамы әлеуметтік қызметкерлермен және психологтармен толықтырылды, қабылдауға қосымша 1-2 мейірбике лауазымы бөлінді.
  10. 2011 жылдан бастап учаскелік қызмет үшін халықтың жан басының ыңталандыру компонентіне қосымша қаражаттар бөлінеді.
  11. Мамандар үшін біліктіліктерін көтермелеу мақсатында тегін оқулар жүргізіледі, қажеттілік кездерде оқытатын семинарларға, мастер-клсастарға шығулар іске асырылады.
  12. Жол картасы аямында денсаулық сақтау объектілерінің күрделі жөндеулері жүргізіледі.Прииртышск а. Михайловка а. дәрігерлік амбулаторияларында, Алакөл а. ФАП, Петропавлока а., Озерное а. медициналық пунктерінде жөндеулер жүргізілді, Жаңа жұлдыз а. қазандығы жөнделді.
      Бас дәрігер Г. Оспанова