контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1

№3 ПҚА өткен инсультті алдын алу бойынша дәріс

Дата: 2015-03-19 23:41:22
№3 ПҚА өткен инсультті алдын алу бойынша дәріс

17 наурызда №3 павлодар қалалық ауруханасында «Ми қан айналуы бұзылуының қауіп-қатері. Алғашқы және қайталама инсульт» тақырыбына дәрігерлік конференция өтті.

 

Әріптестері алдында дәріспен невропатолог дәрігер Р.Е. Әлмағамбетова сөз сөйледі. Ми қан айналымының жіті бұзылуы – дүние жүзіндегі сырқаттану мен өлім жітімнің ең негізгі себептерінің бірі болып табылады. Инсульттің анықталуы және даму қауіп-қатеріне бақылау – оны бастапқы алдын алуының ең тиімді тәсілі. Ми қан айналымы бұзылуының негізгі себептері: жас ерекшелігі (50 жастан жоғары), тұқым қуалаушылық, артерия гипертониясы, шылым шегуі, ішімдік ішуі, сырқаттар (қант диабеті), артық салмақ, дұрыс тамақтанбау және қимыл қозғалыстың жоқтығы.

Слайдтық таныстыру кезінде салыстырулар көп болды: шылым, есірткі шегетін, ішімдік қабылдайтын, артық салмағы бар адамдар қаншалықты осы дертке шалдығатындығы. Невропатолог дәрігері Р.Е. Әлмағамбетова өзекті тақырыпта сөз қозғай отырып, осы қауіпті сырқатты алдын алу жолдарын жете сипаттап берді.

 

К. Апаев