контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1

Наурыз дәстүрлерін білу парыз

Дата: 2015-03-19 23:43:19
Наурыз дәстүрлерін білу парыз

20 наурыз күні №3 Павлодар қалалық ауруханасының ұжымы Наурыз тойын салтанатты түрде қарсы алды. Жүргізушілердің сауалымен, Наурыз тойында көрсетілетін салт-дәстүрдің көрінісі экраннан тамашаланды.

 

Наурыз тойында көрсетілетін дәстүрге халықтың салты ғана емес, сондай-ақ, сол елдің ән-күйі, би өнері, театр өнері, музыкасы, әдебиеті де кіреді. Мысалға, қазақ елінің би өнерін айтып кетуге болады. Би – ол қозғалыс пен ән ырғағының үйлесім тапқан суреті. Би – ол техника, денемен қимылдау дәрежесі мен би Пасының ұстанымды түрде орындалу, қол сермеу мен қол қозғалысын орындау шеберлігі. Соған дәлел ретінде «Қара жорға» биін айтуға болады, «қара торы жорға биі» аса динамикалық ерекшелікпен орындалды. Қазақтың тағы бір салты осы мерекеде көрсетілді: «селт еткізер» мен «ұйқыашар», осы салт ата-бабамыздан бері сақталып келе жатыр.

№3 Павлодар қалалық ауруханасының бас дәрігері Мәрлен Нариманұлы Ахметов жиналған көпшілікке Наурыз мейрамында, жаңару мен жасару күнінде бақ-береке, ырыс-ынтымақ тілеп, ел аман, жұрт тыныш болсын деген лебізін білдірді.

 

К. Апаев