контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15

Баланы ана сүтімен тамақтандыру

Дата: 2015-09-10 03:08:39
Баланы ана сүтімен тамақтандыру

Баланы емізу нәрестенің дені сау өсуі және дамуы үшін қажетті нәрлі заттектермен қамтамасыз етудің мінсіз тәсілі болып табылады.

Барлық ана баланы отбасының және денсаулық сақтау саласының тарапынан нақты ақпарат пен қолдау алған жағдайда емізе алады.

Уызды, жүктіліктің соңында пайда болатын сары түсті жабысқақ емшек сүтінДДҰ нәрестелерге арналған жалғыз тағам ретінде ұсынады, оны босанғаннан кейін алғашқы сағатта емізу керек.

Алғашқы алты ай бойы тек емізу, одан кейін қосымша тамақ бере отырып, екі жасқа немесе одан үлкен жасқа дейін емізуді жалғастыру қажет.

Дегенмен, емізулі балалардың көбі дұрыс тамақтанбайды, мысалы, әлемде орта есеппен балалардың 38%-ы ғана алты айға дейін емеді.

Аналардың емізуді бастау мен алты ай бойы тек емізуді жалғастыруы үшін ДДҰ мен ЮНИСЕФ төмендегілерді ұсынады:

  • босанғаннан кейін бірден емізуді бастау;
  • тек емізуқажет – яғни, ана сүтінен басқа тамақ, тіпті суды да бермеу керек;
  • бала талап еткен сайын емізу керек – яғни, бала қанша қаласа, сонша жиі күндіз де, түнде де емізу;
  • бөтелке немесе емізік қолданбау керек.

Ана сүті сенсорлық және когнитивтік дамуға ықпал етеді, нәрестені инфекциялық және созылмалы аурулардан қорғайды. Емізу баланың диарея немесе пневмония секілді аурулардан болатын өлім-жітімін қысқартады және одан жылдам сауығуға ықпал етеді.

Емізу балаларды диарея және пневмония секілді кең таралған аурулардан қорғайды және ұзақ уақыт бойы ана мен баланың денсаулығына жағымды әсер етеді, мысалы, балалық және жасөспірімдік шақта артық салмақ қосу мен семіздіктің даму қаупін төмендетеді. Емізгенде баланың ақыл-есінің даму көрсеткіші жоғары болады (IQ).

Ана сүтінің тағамдық құндылығы өсіп отырған балаға негізгі нәрлі заттектерді бергеннің арқасында қажетті қуат көзі ретінде ұзақ жылдар бойы сақталады. Зерттеу ұзақ жиі емізубаланың өсуінің жоғары көрсеткішімен байланысты екенін көрсетеді және ананың келесі жүктілігінің арасын ұзарту мен балалардың аурушаңдылық және өлім-жітім қаупін төмендету арқылы баланы қорғауды қамтамасыз етеді. Ұзақ емізу инфекция жұқтырғаннан кейін сауығып жатқан балалардың ағзасының сусыздануының алдын алады.