контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15

Вирустық гепатит

Дата: 2015-09-10 03:16:49
Вирустық гепатит

          Миллиондаған адам вирустық гепатитпен өмір сүрсе, ал басқа миллиондаған адам оны жұқтыру қаупіне ұшырайды. Созылмалы B және C гепатитімен ауыратын көптеген адам вирус тасымалдаушы болып табылатынын білмейді. Сондықтан оларда бауырдың қатерлі созылмалы ауруының  даму қаупі жоғары және басқа адамға аңдаусыз вирусты жұқтыруы мүмкін. Жыл сайын бір миллионға жуық адам вирустық гепатитке байланысты себептерден, әсіресе бауыр циррозы мен обырынан қаза табады.

           Қазақстан Республикасында 2013 жылғы статистикалық жинақ мәліметтері бойынша жедел гепатиттің 1162 оқиғасы және созылмалы гепатиттің 5841 оқиғасы тіркелген.

           Гепатит – вирустық инфекция тудыратын бауырдың қабынбалы ауруы. Гепатитті тудыратын вирустың A, B, C, D және E деп аталатын бес түрі бар. Осы вирустың бес типі өздері тудыратын ауру мен өлім-жітім ауыртпашылығымен байланысты үлкен қиындық тудырады және олардың әлеуетті мүмкіндіктерімен ауру таратып, індетке соқтырады. Сондай-ақ В және С вирусы жүз миллиондаған адамда созылмалы аурудың дамуына әкеп соғады және бауыр циррозы мен обырдың ең көп таралған себебі болып табылады.

Әдетте А және Е гепатитіне шалдығудың себебі  таза емес азық-түлікті немесе суды тұтынудың салдарынан болады. В, С жәнеD гепатиті ауру адамнан парентералдық байланыс нәтижесінде жұғады. Осы вирустардың берілуінің кең тараған тәсілдерінің қатарына вирус жұққан қан немесе қанның өнімін құю,  В гепатитіне қатысты лас құрал-жабдықтарды қолдану арқылы инвазиялық медициналық шаралар, босану кезінде анадан балаға, отбасы мүшесінен балаға, сонымен қатар жыныстық қатынас  кезінде аурудың берілуі жатады.

          Гепатит инфекциясымен байланысты аурудың ауыртпашылығына қарамастан көп елде бұл мәселеге себептер бойынша кешенді тәсілдер қолданылмайды. Осы себептерге кейбір адамдарға инфекция жұққаннан кейін ешқандай ауру белгілерінің дамымауы жатады. Гепатит бауыр созылмалы ауруға шалдықпайынша ондаған жылдар бойы ауру белгілерінсіз өтуі мүмкін. Сондықтан қазір гепатит ауруының «жасырын індетін» бақылаудамыз.